Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Айтылған ұсыныстар қараусыз қалмайды

25.08.2021 0

Сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы және Ақмарал Әлназарова жұмыс сапарымен Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарында болды. Іс-сапар барысында олар аудандардың тыныс тіршілігімен, жергілікті шаруа қожалықтарын және құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап көрді. Сенаторлар, аудандардың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң нәтижелер бар екеніне тоқталып және осы мақсатта бірқатар жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.

Дегенмен, кездесу барысында өңірлердің бірқатар өзекті мәселелері айтылды. Мәселен, су жетіспеушілігі. Бүгінде Жаңа­қорған ауданы аумағына Сыр­дария өзенінен секундына 50 текше метр су келіп жатыр. Об­лыстағы уақ малдың (қой) 50 пайызына жуығы осы аудан­да өсіріледі. Қазір мал қырда жайлауда, күзде қырдан қыстаққа түседі. Осы кезеңде мал­ды сумен қамтамасыз етуде су тап­шылығы туындау және мал шығынына ұшырау тәуекелдері өте жоғары. Мәселені шешу үшін жоғарыдан секундына 200 текше метр көлемінде су бөлінуі қажет. Сонымен бірге, аудандағы Шалқия кен орнында полиметалл рудасын өнеркәсіптік игеруде өндірістік кәсіпорын жобалық-сметалық құжаттамаларда негіз­дел­гендей Сырдария өзенінің суын пайдалану орнына, жер­асты суларын пайдалануда. Осы себеп­терден аумақтағы жерасты сула­ры тартылып, жергілікті тұр­ғындарға ауыз су және басқадай қажеттіліктерге су жетіспеушілігі орын алуда.

Түгіскен алқабын суармалы сумен қамтамасыз ету мақ­сатында Сырдария өзенінің бо­йына 1,5 млрд теңге қаражат бөлініп қалқыма тоспа салынған. Қазіргі уақытта, қалқыма тоспаны салу барысында атқарылған жұ­мыстардың сапасыздығы се­бепті ол істен шыққан. Осыған байланысты Түгіскен алқабына берілетін су көлемі күрт төмен­деген. Қазіргі күні алқапта орна­ласқан елді мекендер мен шаруа­шы­лықтардың бау-бақша, егістік­теріне және басқаларына су же­тіспеушілігі орын алып отыр. Аталған мәселені шешу үшін, мем­­лекет тарапынан қаражат қарас­­тырылып,  қалқыма тоспа­ны жедел қалпына келтіру жұмыс­тары жүргізілуі тиіс.

Келесі мәселе, Жаңақорған ауданындағы 2018 жылы іске қосылған «Премиум Класс-Строй» ЖШС зауыты жылына 100 мың тоннаға дейін әктас өндіреді. Әктас зауыты бүгінгі күнге де­йін газ құбырына қосылмаған. Құ­бырға қосылу шығындарының жоғары болу себебінен зауыттың өз күшімен қосылу мүмкіндігі жоқ. Осы мәселені шешуге мем­ле­кет­тік қолдау қажет. Зауыт газға қо­сылған жағдайда, ондағы өндіріс көлемі артып, жылына 500 мың тоннаға дейін әктас өнді­ретін болады.

Өзекті мәселенің бірі – өңір­лердегі шағын құс шаруашы­лығына қолдау көрсету. Мысалы, «Шиелі құс» ЖШС-і күніне 15 мыңға жуық жұмыртқа өнді­реді. Бүгінгі күні құс шаруа­шы­лықтарына белгілеген тәртіпке сәйкес тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату мақ­сатында субсидия бөлінеді. Бірақ аталған субсидия ірі құс фабри­каларына қарастырылған (өткі­зілген жұмыртқа кемінде 20 млн данадан басталатын өндіріске беріледі). Осы себепті өңірлердегі шағын және кіші құс шаруашылықтарының өркен­деуіне мемлекет тарапынан қол­дау көрсетуді, яғни субсидия бе­руді қарастыру керек. Бұл өз кезе­гінде жергілікті халықты арзан та­ғамдық жұмыртқамен толық қам­тамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар аудан әкім­діктерінің мәжіліс залында аудан ардагерлері, мәслихат депу­таттары, мекеме-бөлім басшылары, мектеп директорлары және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Кез­десу барысында сенаторлар айтылған мәселелер мен ұсы­ныс­тарды шешуге атсалысатындарын жеткізді.

 



Дереккөз: egemen.kz: https://egemen.kz/article/286339-aytylghan-usynystar-qarausyz-qalmaydy
© egemen.kz

Поделиться