Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

"О ратификации Соглашения о мерах, направленных на унификацию проведения селекционно-племенной работы с сельскохозяйственными животными в рамках Евразийского экономического союза"

17.02.2021 0

      

 

                       Комитет отырысы

        

 

«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы Одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу мәселелері бойынша келісілген агроөнеркәсіптік саясатты іске асыруға бағытталған.

Осылайша, Келісім асыл тұқымды мал шаруашылығы саласын жетілдіруге, оның инновациялық дамуы үшін құқықтық негіз қалауға, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ геномдық реттеуді қолдану арқылы ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте, одақ аумағында өсірілетін ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдары, желілері, кростары туралы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің хабардар болушылығы асыл тұқымды өнімді тікелей сатып алуға, оны өткізудің артуына, мал шаруашылығы саласында өндіріс көлемін өсіруге ықпал етеді.

Заң жобасы тұжырымдамасы бойынша Ауыл шаруашылық министрлігінің өкілі толық баяндады. Жұмыс тобының отырысында мүдделі тараптардың қатысуымен жан-жақты талқыланды, сұрақтарға жауап алынды. Сенаттың тұрақты комитеттерінің ескертпелері мен ұсыныстары жоқ.

Заң жобасын Комитеттің кеңейтілген отырысына шығаруды ұсынылды.

 

 

   Комитеттің кеңейтілген отырысы

  

Аталған Келісім Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде асыл тұқымды малдарды және селекциялық жетістіктер туралы мәліметтермен алмасу, инновациялық технологияларды енгізу, оның ішінде молекулалық генетикалық сараптама жүргізу сияқты жұмыстарды іске асыру тәртібін реттейді.

Келісімді ратификациялау Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде селекциялық жұмыстың және асыл тұқымды өнім саудасының дамуына ықпал етеді. Теріс әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқпайды, мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

Заң жобасы жұмыс тобының және комитеттің отырыстарында жан-жақты қаралды, Сенаттың тұрақты комитеттерінен ескертпелер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

            Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Заң жобасын Сенат отырысына шығаруды ұсынылды.  

 

 

Поделиться