Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«О внесении изменений в Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях»

03.03.2021 0

Комитет отырысы

 

 «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Парламент депутаттары бастамасымен әзірленген Заң жобасы сот жүйесін жетілдіру жөніндегі мемлекет саясатының жалғасы болып табылады.

Елімізде осы жылдың 1 шілдесінен бастап әкімшілік әділет жүйесі енгізілуіне байланысты сот жүйесінің жұмысына жаңа талаптар қойылуда.  

  Осылайша, ұсынылған Заң жобасы дауларды қараудың инстанциялық тәртібінің және сот жүйесін қайта құрылымдау жөнінде түзетулерді енгізуді қарастырады.  

  Заң жобасына сәйкес Әкімшілік  рәсімдік-процестік кодексі аясында әкімшілік соттардың екі желісі пайда болады. Оның бірі - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді  қарайтын әкімшілік  құқық  бұзушылық  жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық  соты,  ал  екіншісі - жариялық-құқықтық  дауларды қарайтын мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты. 

  Заң  жобасын  іске  асыру азаматтар мен бизнес қауымдастығының құқықтарын толыққанды жүзеге асыруға, әкімшілік сот төрелігін қолжетімді және ашық болуына оң ықпал етеді.  

Жұмыс тобының отырысында заң жобасы жан-жақты талқыланды. Комитет депутаттарынан ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ. Заң жобасын қолдап бас комитетке оң қорытындыны жолдауды ұсынылды.

 

Поделиться