Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

5.12 Салык Кодексі

05.12.2017 0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ КОМИТЕТІНІҢ 

КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

 

2017 жылғы 5 желтоқсан

 

ӘДІЛБЕКОВ Д.З. Құрметті әріптестер, қаралып жатқан жобалар салық саясатын жетілдіру, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, салық салу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру жолымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформа, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарын, бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындауды іске  асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауындағы негізгі міндеттердің бірін салық және бюджет саясатын жаңа экономикалық  ахуалға сәйкестендіруді іске  асыру мақсатында әзірленді.

Баяндамашы аталған  жобалардың  негізгі бағыттарын  толықтай таныстырып  өтті, қайталап айтудың  қажеті жоқ деп ойлаймын.

Бұл жобалар бойынша комитет пен жұмыс тобының төрт отырыстарын және комитеттің отырысын өткіздік.

Талқылау барысында бас комитеттің,  басқа комитеттердің және Сараптама бөлімінен түскен ұсыныстарды жан-жақты қарап, олардың барлығын салыстырмалы кестеге енгіздік.

Осыған байланысты,  құрметті әріптестер, салыстырмалы кестені қарауға көшуді және аталған жобаларды Сенаттың  отырысына шығаруды ұсынамын. Рақмет.

Поделиться