Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Не головной

16.01.2019 0

16.01.2019ж.

Комитет         отырысына

 

«Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы»

конвенцияны ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасының Заңының жобасына

БАЯНДАМА

 

Құрметті әріптестер!

 

Біздің назарларыңызға «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы» конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен ұсынылып отыр. Баяндамашы заң жобасының негізгі ережелерін жан-жақты айтып өтті.

Сонымен қатар келесідей ақпаратпен Заң жобасы бойынша толықтыруға болады.

Конвенцияның мақсаты суын, түбін, жер қойнауын, табиғи ресурстарын және теңіз үстіндегі әуе кеңістігін қоса алғанда, Каспий теңізін пайдалануға қатысты Тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындау және реттеу болып табылады.

Конвенцияға сәйкес Тараптар осы Конвенцияға, онымен үйлесетін Тараптардың жекелеген келісімдеріне және олардың ұлттық заңнамасына сәйкес Каспий теңізінде кеме қатынасы, кәсіпшілік, су биологиялық ресурстарын пайдалану және қорғау, оның түбі мен мен жер қойнауының ресуртарын барлау және әзірлеу мақсатындағы қызметті, сондай-ақ өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Каспий теңізінің акваториясы:

-ішкі сулар;

-бастапқы сызықтардан өлшенетін, ені 15 теңіз милінен аспайтын, аумақтық  сулар;

-аумақтық суларға іргелес, ені 10 теңіз милі болатын балық аулау аймағы;

-ортақ су кеңістігі болып бөлінеді.

 

Әрбір Тарап өзінің балық аулау аймағында Конвенцияға, оның негізінде қабылданған Тараптардың жекелеген келісімдеріне және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес су биологиялық ресурстары кәсіпшілігін жүзеге асыруда айрықша құққықа ие.

 

Әрбір Тарап басқа Тараптардың тулары астындағы, жүк, жолаушылар және багаж тасымалдауды, сүйретіп жүзуді, сондай-ақ құтқару операцияларын жүзеге асыратын кемелерге осындай ұлттық Каспий теңізіндегі өз порттарына еркін кіруге, оларды жүктерді тиеу мен түсіру, жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін пайдалану, кеме алымдары мен басқа да порттық алымдарды төлеуге және кеме қатынасы мен қалыпты коммерциялық операцияларды жүзеге асыруға арналған көрсетілген қызметтерді пайдалануға қатысты ұсынатындай қарым-қатынас ұсынады.

 

Конвенцияға сәйкес Әрбір Тарап өз егемендігін жүзеге асыру үшін өзінің аумақтық суларында теңізде ғылыми зерттеулерді реттеудің, рұқсат берудің және жүргізудің айрықша құқығына ие. Тараптар туларының астындағы кемелер басқа Тараптардың аумақтық сулары шегінде тек оның жазбаша рұқсатымен және ол белгілеген шарттарда ғана теңізде ғылыми зерттеулер жүргізе алады.

 

Тараптар Конвенцияда Каспий теңізінің түбі арқылы су асты кабельдері мен құбыржолдарды төсей алатындығын, сондай-ақ Каспий теңізінің экологиялық жүйесі мен оның барлық компонентін қорғауға және сақтауға міндеттенетінін белгіледі.

«Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы» конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының жобасы депутаттардың, әзірлеушілер, мемлекеттік органдардың және Аппарат қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысында мұқият қаралып, талқыланды. Жұмыс тобында сұрақтар қойылып, оларға заң жобасын әзірлеушілер толық жауап берді. Жұмыс барысында депутатардан ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ.

Құрметті әріптестер!

Баяндалғанның негізінде, заң жобасын қолдап, бас комитетке ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

 

 

Поделиться