Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступил содокладчиком на заседании Комитета по проекту Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан «О дипломатической службе Республики Казахстан»

14.01.2021 0

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Сенат депутаты Ә.Құртаевтың

Қосымша баяндамасы

14.01.2021 жыл

 

 

Кұрметті әріптестер!

 

Біріншіден, қысқа мерзім ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көпвекторлық, теңгерімділік және прагматизм қағидаларын қалыптастырған стратегиялық көзқарасы арқасында сыртқы алаңда маңызды жетістіктерге қол жеткізгенімізді атап өткім келіп отыр.

Мемлекетіміз халықаралық аренада өзінің субъектілігін бекітіп, әлемнің 186 мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, олармен геосаяси және геоэкономикалық күйзелістерге тұрақты иммунитеті бар өзара тиімді серіктестік құрды.

Қазіргі уақытта бұл бағытты Мемлекет басшысы, тәжірибелі дипломат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сәтті жалғастыруда.

Бүгін қаралып отырған Заң жобасы дипломатиялық қызмет органдарының қызметін одан әрі реттеу және жүйелеу, дипломатиялық қызмет қызметін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі олқылықтар мен коллизияларды жою, дипломатиялық қызмет ардагерлерін әлеуметтік қорғауды арттыру, дипломатиялық қызмет органдарының кадрлық әлеуетін сапалы нығайту, қаржылық тәртіпті нығайту, сондай-ақ дипломатиялық қызмет органдарының шаруашылық қызметіне байланысты мәселелерді жүйелеу, дипломатиялық поштаны жоспарлау, толықтыру, ресімдеу және жеткізу тәртібін регламенттеу мақсаттарында әзірленген.

Заң жобасын қабылдау құқықтық негізді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi жұмысының ұйымдастырылу тәртібiн жетілдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар Cыртқы icтep министрлігі жұмысының тиімділік деңгейін арттыратыны сөзсіз.

Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасын іске асыру 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттен 183 242 мың теңге соммасында шығыстар бөлуді талап етеді.

Кұрметті әріптестер, Сіздерден Заң жобасын қолдап, Бас комитетке ескертпелер мен ұсыныстарсыз жолдауды ұсынамын. 

Назарларыңызға рахмет!

Поделиться