Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступил содокладчиком на заседании Комитета по проекту Закона Республики Казахстан «О ратификации Договора между Республикой Казахстан и Республикой Северная Македония о взаимной правовой помощи по уголовным делам»

04.03.2021 0

«Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасының арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысындағы депутат

Ә.С. Құртаевтың қосымша баяндамасы

04.03.2021 жыл

 

 

Құрметті Дәурен Зекенұлы!

Құрметті шақырылғандар!

Қаралып отырған «Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Македония Республикасының арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын баяндамашы толығымен баяндап, ерекшеліктерін атап өтті.

Шартты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ол қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек алуды және көрсетуді көздейді, оның ішінде:

күдіктілер мен айыпталушылардың орналасқан жерін анықтау және жеке басын анықтау;

қылмыстық талқылауға қатысты құжаттарды тапсыру, материалдар мен заттай дәлелдемелерді беру;

айғақтар мен өтініштер алу;

күзетпен ұсталшуы адамдарды уақытша беру;

тінтуді, дәлелдемелерді алуды және активтерді тәркілеуді жүзеге асыру.

Шарт құқықтық көмек көрсету шарттары мен тәртібі және одан бас тарту негіздерін көздейді.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілген болатын. Заң жобасын қарау кезінде туындаған барлық сұрақтарға жауаптар толығымен алынды.

Баяндалғанның негізінде, Заң жобасын қолдап, Бас комитетке оң қорытынды жолдауды ұсынамын.

Қолдауларыңызды өтінемін!

Назарларыңызға рахмет!     

Поделиться