Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

21 мая 2020 года. Заседание Сената Парламента РК. Содоклад по законопроекту " О ратификации Соглашения о механизме прослеживаемости товаров, ввезенных на таможенную территорию Евразийского экономического союза»

21.05.2020 0

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» 

Заң жобасына баяндама

 

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті әріптестер!

Аталған Келісім, Еуразиялық экономикалық одақтың қызметінің, 2025 жылға дейінгі, сандық күн тәртібін іске асыру  мақсатында, арнайы дайындалған құжат.

Құжаттың мазмұны бойынша, тауарларды қадағалап отыру жүйесін енгізу арқылы, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің, тауар айналымы заңдылығын қамтамасыз ету және контрафактілік тауарлар айналымын жою көзделген.

Бұқаралық ақпараттарға сүйенсек, өткен жылдың өзінде, Қазақ-қырғыз шекарасында ілеспе құжаттары тіркелмеген Қырғызстанның 100 ден аса жүк көлігі кері қайтарылған.

Осындай шешімдерді көрші елдердің  жүргізушілері ерікті түрде өздері қабылдайды және осындай жағдайлар үнемі қайталануда.

Осы күні, кедендік тексеріс кезінде жүргізушілердің тиеген жүгі, рұқсат құжаттамасыз және сәйкессіз, көп жағдайларда қолдарында мүлдем құжаттары да жоқ, жүк тасымалдаушылар анықталуда.

Тауарларды тиеп алғанмен, ілеспе құжатта басқа тауар түрлері белгіленіп келетін жағдайлар да баршылық.

Белгіленген тәртіп бойынша құжатта көрсетілген тауар ғана тасымалдануға тиіс, ал, шекарадан құжатта көрсетілмеген тауар алып өтуге әрекеттену заң бұзушылық болып табылып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 280 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Заң жобасында, Одаққа мүше мемлекеттердің арасында ұлттық қадағалау жүйелерінен мәліметтер алмасуды қамтамасыз ету, Одақ аумағына үшінші елдерден импортталған тауарлар бойынша кедендік және салықтық төлемдерді төлеуден жалтарудын әртүрлі схемаларын пайдалануды болдырмайтын жағдайлар жасауы анықталған.

Келісім, тауарлар айналымын құжаттамалық сәйкестендіру үшін,  ұлттық қадағалау жүйесін құруды көздейді.

Осы қадағалау жүйеде, тауар қандай елден шыққанын, бажы төленгені туралы және тағы басқадай ақпараттарды басынан бастап айқындап отыру қарастырылған.

Алдағы уақытта тауарлар айналымын бақылау тек ілеспе құжаттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Келісімде айқындалған мәліметтер ұлттық жүйеде болмаған кезде қадағалап отыруға жататын тауарларды шекарадан өткізуге жол берілмейді.

Келісім, қадағалап отыруды, жүзеге асыруды тоқтату мерзімін де айқындайды. Тауар айналымы туралы мәліметтер, өтініш енгізілген күннен бастап 5 жыл өткен соң тоқтатылады.

Еуразиялық Одаққа мүше мемлекеттердің барлығының қадағалауының ұлттық жүйесін құрғаннан кейін өзара тауар айналымы толық жүзеге асырылатын болады.

Заң жобасының қабылдануы Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінетін тауарлардың заңсыз айналымын анықтауды, сондай-ақ салықтық және кедендік төлемдерді төлеуден жалтарудың әртүрлі схемаларын қолдану мүмкіндігін болдырмауға жағдай жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоба жұмыс тобының отырысында, комитеттің және комитеттің кеңейтілген отырыстарында қаралып талқыланды. Сенаттың тұрақты комитетерінен заң жобасы бойынша ескертулері мен ұсыныстары түскен жоқ.

Құрметті әріптестер! Қаржы және бюджет комитеті «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдауды сұрайды.

Назарларыңызға рахмет!

https://www.youtube.com/watch?v=YqRnabS5kXo

Поделиться