Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

1 сентября 2020 года. Отклик на Послание Президента. "Qazaq" 1913

01.09.2020 0

АЛДАҒЫ ЖҰМЫС БАҒЫТЫ БЕЛГІЛЕНДІ

Өңірге барған сапарымда білім мекемелеріндегі кездесулерде осы саладағы оң өзгерістер туралы, оның ішінде жаңа оқу процесстері туралы, қашықтан оқытуға байланысты интернетке қолжетімділік пен дайындық, сапалы білім беру мәселелері туралы сұрақтар көтерілген болатын.

Президент өзінің Жолдауында, осындай өзекті мәселелерге тоқталды. Санитарлық талаптарды және өткен тоқсандағы қашықтан оқытудағы жіберілген қателіктерді ескере отырып, Үкіметке толыққанды  функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу керектігін және сапалы білім берудің қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшу тәртібін де әзірлеуді тапсырды.

Сонымен қатар, білім саласындағы басты мәселелердің бірі – ол ұстаздар жалақысының аздығы болатын. Осы орайда, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап 25 пайызға өсетіні қуанышты хабар.

Жолдауда еліміздің экономикасының, бүгінгі қолайсыз жағдайдан қалай шығу бағыттары мұқият белгіленіп, Үкіметке біраз тапсырмалар берілді. Менің ойымша, бұл тапсырмалар Үкімет пен Парламенттің бірлесе отырып шешетін мәселелері, осы орайда, алдағы уақытта қандай бағытта жұмыстар жүргізілетіні толықтай белгіленді.

Бүгінгі Жолдаудан кейін Қазақстан халқы бір серпіліп, осы белгіленген  стратегиялық  межелерді  орындау үшін, жұмыла жұмыс жасаймыз деген пікірдемін.  

 

https://qazaq1913.com/2020/09/01/ba-tybaj-shelpekov-alda-y-zh-mys-ba-yty-belgilendi/ 

Поделиться