Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

15 октября 2020 года Заседание Сената. Доклад в поддержку проекта Закона «О ратификации Протокола о внесении изменений в Договор о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, а также об изменении и прекращении действия отдельных международных договоров».

15.10.2020 0

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Алдарыңыздағы құжатта, Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы кедендік баждарының сомаларын есепке жатқызу мен қатар, бөлудің жаңа нормативтерін бекіту, және мемлекеттердің өзара  жоғары қаржылық бақылау органдарының, бірлесіп жұмыс істейтіндігі көзделген.

Қандай уақытта болмасын, қаржылық кіріс бөлу күрделі мәселе, сондықтан болу керек,  бұл процеске мемлекет басшылары тікелей араласып, өзедерінің шешімін қабылдаған.

Жалпы, 2014 жылғы 29 мамырдағы қабылданған халықаралық Шарт, осы уақытқа дейін Одаққа мүше мемлекеттердің экономикасын  өркендеуімен мен қатар, ұзақ мерзімді тұрақты жағдайлармен қамтамасыз етті, еуразиялық интеграцияның дамуына бастау берді.

Аталған құжат, Одаққа мүше мемлекеттердің өз экономикасын жақсартуға мүмкіндік туғыза отырып, бірыңғай сауда саясатын  жүргізуге де жағдай жасап отыр.

 Заң жобасын әзірлеуші өкілдерінің баяндамасына сүйенсек, енгізіліп отырған нормативтердің мерзімі шексіз, яғни тұрақты негізде  бекіту көзделген.

 Сондықтан, бүгінгі бекітуге ұсынылып отырған Хаттама ел экономикасының  тұрақты түрде дамуына оң үлесін қосады деп сенеміз.

Құрметті әріптестер!  «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңының жобасын қабылдауға шақырамын.

Назарларыңызға рахмет.

Поделиться