Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Проект Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения о перемещении озоноразрушающих веществ и содержащей их продукции и учете озоноразрушающих веществ при осуществлении взаимной торговли государств-членов ЕЭС и Протокола о присоединении Кыргызской Республики к Соглашению о перемещении озоноразрушающих веществ и содержащей их продукции и учете озоноразрушающих веществ при осуществлении взаимной торговли государств-членов ЕЭС от 29 мая 2015 года»

28.11.2018 0

Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

 

Заң жобасы туралы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі толық баяндап берді.

Қаралып отырған келісімнің еліміздің озонды бұзатын заттардың айналымы бойынша халықаралық міндеттемелерін жүзеге асыруда маңызы зор. Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер аумағында осындай заттарға қатысты реттеу тетігін енгізуді көздейді.

Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттер өзара сауданы жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттарды өткізуге қатысты туындайтын ұлттық экологиялық заңнамадағы олқылықты жоюға және одаққа мүше мемлекеттермен озонды бұзатын заттар мен құрамында осындай заттары бар өнімдердің импорты мен экспортын толықтай есепке алуға ықпал ететін болады.

Заң жобасында сонымен қатар Қырғыз Республикасының осы келісімге қосылуын ратификациялау көзделеді.

Тұтастай алғанда Келісім Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне сай келеді, ал оны қабылдау теріс әлеуметтік, экономикалық және өзге де салдарларға әкеп соқтырмайды.

Заң жобасы жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланып, зерделенді.

Осы айтылғандарды ескере келе, құрметті әріптестер, Сіздерді заң жобасын қолдап, Бас комитетке ұсыныстар мен ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға Рақмет!                 

Поделиться