Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Выступление депутата Лукпанова С.Е. вопросам на Заседание Сената Парламента РК при рассмотрении отчётов Правительства и Счётного комитета об исполнении Республиканского бюджета за 2020 год

17.06.2021 0

РАҚМЕТ!

 

 

ҚҰРМЕТТІ МӘУЛЕН САҒАТХАНҰЛЫ!!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

Менің сұрағым Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық министрі Бейбіт Атамқұловқа арналады.

Үкіметтің есебіне сәйкес, 2020 жылы «Нұрлы жер» 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 406,4 млрд.теңге бөлініп, 98,9%  игерілген.

Аталған процент игерілгеніне қарамастан, әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлігінде бағдарламаның жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізілмегенін атап өту қажет. 

Атап айтқанда, аз қамтылған отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салу (сатып алу) шеңберінде 10 мың пәтер жоспарланған болса, салынған пәтер саны 4,7 мың ғана (сатып алынды) немесе бұл жоспарланған көрсеткіштің 47% ын құрайды.

Осыған ұқсас жағдай, республикалық маңызы бар қалалардың жұмыс істейтін жастары үшін жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші не бәрі 34,4% құрап отыр (жоспар бойынша 3 000 пәтер, нақты - 1031 пәтер).

Бүгінгі таңда өңірлерде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған әлеуметтік тұрғын үйлердің сапасы мен қауіпсіздігі сың көтермейді. Оның басты себептерінің бірі, үй салу процесі мен құрылыс материалдары сапасының төмендігі (бұл төбелері төмен, шығып тұрған сымдар, қабырғалардағы жарықтар және т.б. кемшіліктер).

Сондай-ақ үйлерді салу барысында, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жүргізбей, тұрғын үй құрылысы жұмыстарын бастау әдетке айналған. Соның салдарынан қарапайым халық тарапынан орынды наразылық туындап отыр.

Есеп комитеті «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуының тиімділігіне аудит жүргізіп, оның ішінде Жамбыл, Ақмола және Ақтөбе облыстарындағы тұрғын үй құрылысының сапасына тиісті бақылаудың жоқтығын көрсетті.

ОСЫҒАН ОРАЙ СҰРАҚ.

«Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған тұрғын үйдің сапасы мен сейсмикалық тұрақтылығын кім тексереді?

Осы айтылған мәселелерді шешу жолдары жоспарда бар ма?

 

РАҚМЕТ!

Поделиться