Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

(Неголовной законопроект) Содоклад Макежанова С.А. по проекту Закона Республики Казахстан «О ратификации Протокола по защите Каспийского моря от загрязнения из наземных источников и в результате осуществляемой на суше деятельности к Рамочной конвенции по защите морской среды Каспийского моря»

15.10.2021 0

«Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау

жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий

теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта

жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде

ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы

ратификациялау туралы» Қазақстан

Республикасы Заңының жобасы бойынша

Комитеттің отырысына С.А. Мәкежановтың сөзі

2021 жылғы 12 қазан, сағ. 15-00

 

Құрметті Владимир Васильевич!

Құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

 

«Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы мүдделі министрліктің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті өкілінің қатысуымен жұмыс тобының отырысында қаралды. Заң жобасы бойынша сұрақтар қойылды, алайда заң жобасының толыққанды қаралуы үшін тиісінше сұрақтарға қажетті жауаптар толық берілген жоқ.

Қаралып отырған Хаттама Каспий теңізінің ортасын сақтау мәселелері бойынша көпжақты ынтымақтастықта маңызы аса зор. Себебі Каспий маңындағы бес мемлекеттің Каспий теңізінің ластауын болғызбау және азайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауы үшін қажетті құқықтық негіздер жасайды.

Аталмыш Хаттамаға 2012 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылды.

Баяндамада айтылғандай, Хаттамада теңіздің физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы дерекқор құру, Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандардың жай-күйіне тұрақты бағалау қарастырылған.

Хаттама бойынша теңіз ортасына әсер етуі мүмкін, қызметтің түрлері де анықталған.

Атап өтетін жайт, Каспийде жағалауда, сондай-ақ шельф аймағында көмірсутекті шикізатты игеру процесінің қарқынды жүргізілуі салдарынан теңіз мұнай өнімдерімен және оларға ілеспе улы заттармен ластануда. Мысалыға, «Болашақ» консалтингтік тобы сараптама жасаған кезде заңнамаға төмендегідей қорытынды берді:

Каспий өңірлік тақырыптық орталығының деректері бойынша теңізге жылына түрлі көздерден 122,35 мың тоннаға жуық мұнай өнімдері, 890 200 тоннаға жуық азот, 95 800 тонна фосфор, 149 тонна кадмий, 17 тонна сынап және көптеген басқа ластаушы заттар келіп түседі деп көрсетеді.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің өкілі заң жобасы жүргізілген сараптама жайлы хабарсыз екендігі туралы айтқан болатын, оған қосымша Каспий теңізінің ауданы, жағалауының ұзақтығы жайлы жалпы ақпараттан, теңіздегі және оның жағалауындағы өндіріспен айналысатын өнеркәсіп орындары туралы, қоршаған ортаны қорғау бойынша эмиссия төлемдерінен, сонымен қатар экологиялық апаттардың алдын алу туралы қабылданып жатқан шаралардан мүлдем хабарсыз. Мұндай ақпараттың толық ұсынылмауы заң жобасының толық, әрі жан-жақты қаралуына кедергі келтіреді.

Жалпы Хаттаманың мазмұны оның негізгі идеясы қазіргі заман талаптарына сай келеді, алайда Министрліктің бөлімшесінің Хаттаманы жүзеге асыруы сын көтермейді.

Дегенмен де, әзірлеуші тараптан осы айтылған ескертулерді алдағы уақытта ескеріп, жұмыстарына деген көзқарастарын өзгертетін болса, заң жобасын сапалы, әрі уақытылы қабылдау мүмкін болады.

Жоғарыда айтылғандарды еске келе, қаралып отырған заң жобасы бойынша бас комитетке оң қорытынды жолдауды ұсынамын.

Назарларыңызға рақмет!

Поделиться