Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатта салық және кеден органдарының ақпараттық жүйелерін кіріктіру мәселелері бойынша Қаржы министрлігі басшылығымен өткен кездесуге Ғ.Дүйсембаев жауапты болды.

25.12.2019 0

Сенатта салық және кеден органдарының ақпараттық жүйелерін кіріктіру мәселелері бойынша еліміздің Қаржы министрлігі басшылығымен кездесу болды. 

Шараны ашқан Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина салықтық және кедендік әкімшілік ету - халықпен және бизнеспен мемлекет бюджетін толықтыруды және ұлттық заңнама мен еліміздің халықаралық шарттарының дұрыс сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің өзара іс-қимыл жасайтын маңызды әлеуметтік салаларының бірі екенін атап өтті.

 «Кездесудің басты міндеті қорытындыларды және үдерістерді оңтайландыруға бағытталған бірқатар сандық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды қарастыру, салық және кеден операцияларын жүргізудің ашықтығын арттыру және жеделдету болып табылады», - деп атап өтті О. Перепечина.

Қаржы министрінің орынбасары Руслан Еңсебаев кездесуге қатысушылардың алдында сөз алды. «Бүгінде Қаржы министрлігі көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартуды және бюджетке түсетін салықтық түсімдерді тиісінше ұлғайтуды мақсат етеді, ондағы басты құрал – құжат жүзінде және физикалық тұрғыда қадағалауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелер кешені болып табылатын тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін енгізу болып табылады», - деп атап өтті ол.

Депутаттар кездесу барысында мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі проблемаларды, сондай-ақ салық органдарының алдында тұрған міндеттерді талқылады. Сенаторлар ауылдық жерлерде қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу, кәсіпорындардың POS-терминалдарды қолдануы, электрондық коммерцияны әкімшілендіру, кедендік рәсімдерден өту кезінде «бірыңғай терезе» қағидасын енгізу, тауарларды маркалау құны мәселелеріне назар аударды.

Шараға қаржы, сауда және интеграция министрліктерінің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Қазақстан теміржолы», «Қазақтелеком» акционерлік қоғамдарының, сондай-ақ «ҚазАлко және темекі» қауымдастығының өкілдері қатысты.

 

Бөлісу