Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы»

16.09.2020 0

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) 2018 жылғы 4 шілдеде Астанада қол қойылды.

Шарт сотталған адамдардың өз елінде жазасын өтеу мақсатында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің құзыретті органдары арасындағы оларды беру мәселелері бойынша қарым-қатынасты реттеуге бағытталған.

Шарттың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасынан Бас прокуратура орталық мемлекеттік орган болып табылады.

Шарт «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1) тармақшасына сәйкес ратификациялауға жатады.

Шартты ратификациялау кезінде оның іске асырылуы республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді және теріс экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және экологиялық салдарға әкеп соқтырмайды

Қаулыны қабылдау қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа заңдарын және өзге де құқықтық актілерін қабылдауды қажет етпейді

Шартқа қол қоймас бұрын «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» РМК оған ғылыми құқықтық сараптама (04.04.2017ж. №1-9-1313), ал Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ ғылыми лингвистикалық сараптама (26.12.2016ж. №19-07/518) жасаған.

Қазақстан Республикасы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы жобаны және оған қосымша материалдарды беруге рұқсат етілген.

 

Бөлісу