Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Сената Парламента РК направил депутатский запрос на имя Премьер-Министра Республики Казахстан о необходимости дальнейшего развития агропромышленного комплекса, улучшения координации государственной поддержки, устранения бюрократических барьеров, оптимизации кредитования и улучшения межведомственного сотрудничества.

28.06.2024 186

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрі

О.А. БЕКТЕНОВКЕ

 

 

Құрметті Олжас Абайұлы!

 

Агроөнеркәсіп салсын қолға алу мақсатында Мемлекет басшысы бір қатар тапсырмаларды берген болатын.

Атап айтқанда агроөнеркәсіп саласын екі есе арттыру, өңделген өнімді 70 пайызға ұлғайту, агроғылымға көңіл бөлу және ескірген ауыл шаруашылығы техникаларын жылда 10 пайызға дейін жаңарту туралы нақты тапсырмалар берілді.

Еліміздің аграрлық саласын қолдау мақсатында мемлекеттік бюджеттен соңғы екі жылдың өзінде агроөнеркәсіптік кешенге бағытталған субсидиялар сомасы 929,2 млрд. теңгені құрады. Алайда көріп отырғанымыздай бұл салада нақты бір серпіліс жоқ, экономикадағы ауыл шаруашылығының үлесі                           5,0% - дан аспай отыр және экспорт көлемі де басқа саладағы өнімдермен салыстырғанда ең төменгі деңгейде.

Осыған байланысты агроөнеркәсіптің дамуын тежейтін негізгі факторларға қысқаша тоқтала кетсек:

Біріншіден. Мемлекеттік қолдау шараларының бағытының дұрыс айқындалмауы, яғни бұл бағытта бөлінетін қаражаттан бұрын, стратегиялық жоспарлау және талдау жұмыстары жолға қойылмаған. Нақты бір зерттеулерге сүйене отырып осы салаға бөлінетін мемлекеттік қолдау шараларын көбейту немесе керісінше қысқарту мәселесі дұрыс қарастырылмайды.

 Жылда субсидияға байланысты нормативтік құқықтық актіге жөнсіз өзгеріс енгізбей оның орнына агроөнеркәсіп саласын жан-жақты саралау қажет.

Себебі өздеріңіз білесіздер нормативтік құқықтық актіге әр бір өзгеріс енгізу, екі үш ай көлемінде уақытты алады және мамандардың басқа жұмыспен айналысудың орнына осы өзгеріс жасаумен басы әлек, тиісінше орталық органның қызметкерлері сараптау анализ жасауға мүмкіндігі жоқ. Енгізілген нормаларды ақпараттық жүйеде орналастырып, оны түсіндіріп және шаруаларға тиісті қаражат қолына жеткенше біршама уақытты алады.

 Екіншіден. Шаруаларға берілетін несие мәселесі жолға қойылмаған. Бүгінде ауылшаруашылығына бөлінген қаржы әртүрлі бағдарламаларға бөлініп кеткен. Сондықтан да берекесі жоқ. Ауыл тұрғындары әлі күнге дейін нақты қандай бағдарламалар бар екенін дұрыс білмейді. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала», «Іскер», «Агробизнес», «Жастарды шағын несиелеу» бағдарламалары, ал «КазАгроҚаржы» АҚ арқылы, «Өз жем-шөбіміз», «Қазақстанда жасалған», «Жасыл өнім», «Жеңілдікті лизинг» бағдарламалары іске асырылады. Одан бөлек, «Ауыл аманаты» бағдарламасы тағы бар.

Әрқайсысының өз бағыты, өз тәртібі, өз талабы бар, қағазбастылық басым және пайыздық үстемақысы жоғары. Шаруалар үшін түсініксіз.

Үшіншіден. Салаға қатысты ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарының әлсіздігі. Бүгінгі таңда салалық министрліктер мен ведомстволар тек өз көрсеткіштеріне немесе бекіткен индикаторына қол жеткізу үшін жұмыс жасауда және салалық министрліктердің ешқайсысы шешім қабылдау кезінде олардың ауыл шаруашылығына тигізер кері әсерін талдамайды. Соның салдарынан бүткіл сала зардап шегеді. Мәселен Қаржы министрлігі бюджетті толықтыру мақсатында жаңа салық нормаларын енгізеді. Сауда және интеграция министрлігі өз алдына экспорттық шектеу шараларын әзірлеумен әлек. Бұл талдамай қабылданған шешімдер агроөнеркәсіпке кері әсерін тигізуде.

Төртіншіден. Енгізілген шектеу шаралары мен сату мәселелері. Соңғы 2 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерінің 15 түрін әкетуге шектеулер енгізілгенін көріп отырмыз (бидай, арпа, сұлы, қара бидай, қарақұмық, күнбағыс, картоп, сәбіз, қырыққабат, пияз, пішен, сүрлем, ірі қара мал, ұсақ мал және тері). Экспорттық шектеулердің оң нәтижелері бізге белгісіз, бірақ бизнес үшін келісім-шарттардың бұзылуы, толып жатқан қоймалардағы өнімнің құртылуы, өндірістің тоқтауы секілді бір қатар кері әсерін тигізді.

Еліміздің ауыл шаруашылығының ерекше маңыздылығын ескере отырып, саланы дамыту үшін барлық мемлекеттік органдардың жаңа шешімдер қабылдағанда агро саясатқа қайшы келмеуі немесе жаңа кедергілер туғызбауы тиіс.

Үкіметке берілген нақты тапсырмаларда қаражатта жеткілікті, бастысы жұмысты дұрыс үйлестіру және батыл шешім қабылдау қажет.

 

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Үкіметтен:

 

1)      Мемлекеттік қолдау шараларына бағытталған қаражатты бөлу барысында, өңірдің климаттық табиғи топырақтың құнарлығы секілді басым бағыттарына, ішкі сыртқы нарықты жан-жақты саралай отырып шешімдер қабылдауды, сондай-ақ салаға бөлінген қаражаттың ел экономикасына халыққа оң әсері болуы міндеттелу қажет;

2)      Салалық министрліктер мен ведомстволар жылдық атқарылуы тиіс көрсеткіштерді немесе индикаторды бекіту барысында агроөнеркәсіпке тигізетін әсерін қадағалап, ондай тармақтары бойынша пысықталмаған статистиканы енгізуден бас тартып, тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қарауды ұсынамыз.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                         27-бабына сәйкес депутаттық сауалды қарау нәтижелерін белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.

 

 

    Құрметпен,                                                              С. АРУБАЕВ

 

Б. ОРЫНБЕКОВ

Поделиться