Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Сената Парламента РК направил депутатский запрос в адрес Премьер-Министра РК о необходимости выделения финансирования для продолжения и эффективной реализации государственной программы «Ауыл аманаты», направленной на повышение доходов сельского населения и создание рабочих мест.

24.04.2025 185

Құрметті Олжас Абайұлы!

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған ауқымды «Ауыл аманаты» бағдарламасы басталды. Бағдарлама ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген несиелер беру  арқылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарын  қолдауға  бағытталған.

Оны іске асыруға 100 млрд. теңге бөлініп, несиелер  5 жылға дейін                  2,5%-бен, ал мал шаруашылығын жүргізуге 7 жылға дейін берілді.  Өңірлерде 4000-ға жуық  ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 361, мал шаруашылығында – 1510, басқа да кәсіп түрлерімен  2040 шаруа  жұмыс  істей бастады.

Нәтижесінде 2023 жылы 15,5 мың жұмыс орны ашылып, 67,8 млрд. Теңгеге 1,2 млн. тонна ауыл шаруашылығы өнімі  өндірілді. Оның ішінде өсімдік бағытында – 1,053 млн. тонна, мал шаруашылығында – 187,3 мың тоннаға жетіп, 2022 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 30% - ға  артты.

Бағдарламаның негізгі элементі облыс әкімдіктеріне қосымша бюджет қаражатын тартпай, кәсіпкерлікті дамыту және кірісті ұлғайту үшін ауыл тұрғындарының шағын несиелерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беретін револьверлік кредиттеу тетігі болып табылады. Қарыз алушылар револьверлік әдіспен қайтарған қаражат есебінен  қосымша 7,0 млрд. теңге сомасына 1,0 мыңға жуық микрокредит берілді. Оған қосымша Бағдарламаға   қатысушылар 1,2 млрд. теңге салық төледі.  Ақтөбе, Түркістан және Жамбыл облыстары  көшбасшы да болып табылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы қуатты және дамыған ел құру жолындағы маңызды қадам екенін дәлелдеді.

Ауылдық аумақтарды дамыту, халықтың табысын арттыру және жұмыс орындарын құру, Қазақстан экономикасын нығайтуға ықпал беретін қажетті бағыт екенін байқатты.

Дегенмен, 2024 жылы Бағдарламаны іске асыруға 100 млрд. теңге көзделіп, 18,2 мың жұмыс орнын құрумен 17 мың шағын  несие беру жоспарланған болатын. Алайда, бар болғаны жылдың аяғында 20 млрд. теңге қаралып, елді елеңдетумен шектелді.

Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылатыны. Ауылдық жерлерде  Елдің 38%-ы тұратыны, ол шамамен 7,6 млн. адамды құрайтыны белгілі. Кірістерді арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі екені де белгілі.

Осыған байланысты, Президенттің тапсырмасымен іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл халқына өз шаруасын бастауға, оны дамытуға, өз өңірінің дамуына үлес қосуға мүмкіндіктер ашты. «Ауыл аманаты» – «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына  кіретін бірегей  жоба  десек  те  болады. 

Өкінішке орай, 2025 жылы жаңа 8,1 мың жұмыс орнын құруға  50 млрд. теңге қарастырылатыны хабарланғанымен, қаражат мүлдем берілмей бұл тиімді бағдарламаның толық орындалмауына әкелді.

Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет тарапынан осы бағдарламаға қажетті қаражатты бөлуді  және тиісті орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілігін қарауды, ауылға деген аманатты орындауға ықпал етуді сұраймыз.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабына сәйкес депутаттық сауалды қарау нәтижелері туралы жазбаша жауапты заңда белгіленген мерзімдерде ұсынуды сұраймыз.

 

 

Құрметпен,                                                              С. Арубаев

О. Булавкина

С. Дүйсембинов

Ж. Жөргенбаев

А. Өтеғұлов

Е. Әйткенов

З. Күзиев

 Бөлісу
Поделиться