Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Приняла участие в Международном форуме на тему «Транс-Алтайский диалог по устойчивому развитию. Мир, правосудие и эффективные институты», который проходил в городе Улан-Баторе.

24.04.2024 281

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ә. Рахметованың

Тұрақты даму жөніндегі Транс-Алтай диалогы аясында

сөйлеген сөзі

(2024 ж. 25 сәуір, Ұлан-Батыр)

 

 

Құрметті ханымдар мен мырзалар,

 

  1. Қазақстан тарапынан Моңғолия Мемлекеттік ұлы хуралының төрағасы Гомбожав Занданшатар мырзаға жылы қонақжайлылығы мен тұрақты даму диалогына деген адалдығы үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді.

    Cондай-ақ бұл маңызды іс-шараны осындай жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін моңғол әріптестеріме және Пан Ги Мунның «Жарқын болашақ үшін» қорына ризашылығымды білдіремін.

    Тұрақты даму жөніндегі Транс-Алтай диалогының кезекті отырысының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.

     

  2. Транс-Алтай өңірі – бірегей табиғаты бар, саяси-экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқан, көпұлтты елдерді қамтитын өңір болып табылатыны баршаға мәлім.

    Сондықтан, осы ұлан-ғайыр кеңістікте тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету басты басымдық болуы тиіс.

    Қазақстан Транс-Алтай өңірінің бөлігі ретінде тұрақты даму, бейбіт және ашық қоғам құрылысын ілгерілетуге үлкен мән береді. Қатар бейбіт өмір сүруге, диалог пен ынтымақтастыққа ашықтық арқылы ғана қоғамымыздың тұрақты дамуына қол жеткізе алатынымызды мойындаймыз.

    .

    Қазақстан Парламентінде еліміздің орнықты дамуы саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі комиссия құрылған. Парламенттің құзыретіне жататын нақты әрі өзекті мәселелерді шешу жолында осындай топтардың әлеуетін пайдаланғанымыз жөн.

     

  3.  Құрметті әріптестер,

    Қазақстанда 16-шы тұрақты даму мақсатына қол жеткізуге бағытталған реформалар мен бастамалар толыққанды жүріп жатыр.

    2022 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елдің саяси жүйесін әртарапты кешенді жаңғырту бағдарламасы қолға алынды. Соның аясында жаңа, Әділетті Қазақстан құру міндеті айқындалды.

    Соған сәйкес біздің елімізде кешенді саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар кезеңі басталды. 2022 жылы конституциялық реформа жүргізілді. Соның нәтижесінде мемлекеттік басқару үлгісі айтарлықтай теңгерімді модельге ауысты.

    Қазіргі жаһандық қарқынды даму жағдайында тұрақты даму стратегиясын әзірлеу қажет. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел дамуының барлық аспектілерінде: саяси және экономикалық, әлеуметтік реформалар жүргізілуде.

    Парламент жұмысындағы негізгі басымдық – тұрақты дамудың стратегиялық мақсаттарына сәйкес барлық өзгерістерге бейімделетін жаңа механизмді іске қосу.

    Соған сәйкес Парламент бірқатар маңызды конституциялық заңдар қабылдады.

    Аталған реформаларқұқықтық жүйені нығайтуда халықтың бостандығын және тең құқықтылықты қамтамасыз етуді алдыңғы басымдық ретінде белгіледі.

    Біріншіден, соттың тәуелсіздігін, істерді қараудағы әділеттілікті және сот жүйесін жетілдірудетиісті жұмыстар жүргізілуде.

    2023 жылы Қазақстан сот жүйесіннің жұмысын  заңнамалық тұрғыда жетілдіруге бағытталған   сот төрелігі сапасы жөніндегі комиссияның жұмысын және тәуелсіздігін күшейтуге  бағытталған екінші блогын  қабылдады.

    Екіншіден, азаматтық қоғамды дамытуда үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және азаматтардың өз өміріне және жалпы қоғамға қатысты шешімдер қабылдауға белсенді қатысу маңызды.

    Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасында азаматтық қоғам – қоғам мүшелерінің әртүрлі қажеттілігі мен мүддесін білдіретін мемлекеттік емес қоғамдық қатынастар жүйесі делінген.

    2023 жылы елімізде тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың саны 23 335 ұйымды құрайды. Бұл сан Қазақстандағы ұйымдар қарқыны 2003 жылмен (ҮЕҰ саны – 3 500)салыстырғанда 7 есеге артқанын көрсетеді.

    Үшіншіден, этносаралық диалог пен өзара түсіністік үшін жағдай жасау өңірдегі бейбітшілік пен әділеттілікті нығайтуды талап етеді.

    Төртіншіден,жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңға қол қойды.

    Заңның мақсаты – әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, институционалдық және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру.

    Осындай кешенді жұмыстардың нәтижесінде елімізде айтарлықтай маңызды өзгерістер болып жатыр.

     

  4. Бүгінгі таңда Қазақстан этносаралық және конфессияаралық келісімнің арқасында бүкіл әлемге «Қазақстан жолы» деген атпен танылған өзіндік бірегей моделін құра білді.

    Қазақстан 18 түрлі конфессияны ұстанатын, 100-ден астам этностың өкілдері тұратын, 3800-ден астам діни бірлестік бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін өлкеге айналды.

    Қазақстан әлемдік діндер мен мәдениеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға да баса мән беріп келеді.

    Жүйелі дінаралық диалог орнату мақсатымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін тұрақты түрде өткізуді қолға алдық.

    2022 жылы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі қатысушылардың деңгейі мен саны жағынан бірегей тарихи оқиға болды.

    Съезде Рим Папасы Франциск, Әл-Азхардың жоғарғы имамы, шейх Ахмед Ат-Тайеб, сондай-ақ буддизм, иудаизм және басқа да діндердің рухани лидерлері әлемді дамытуға, диалогты дәріптеуге, өзара сыйластық пен бейбітшілікті насихаттауға қатысты маңызды мәселелерді көтеріп, нәтижесінде ұсыныстардың бәрі Съездің қорытынды декларациясына енгізілді. Бүгінде ол құжат халықаралық деңгейде дәріптелуде.

    Алдағы уақытта біз Съездің миссиясын кеңейтудеміз. Оның қызметі әлем алдында тұрған ең өзекті мәселелерді шешу, оның ішінде тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін рухани дипломатияның әлеуетін пайдалануға бағытталатын болады. Яғни, діни лидерлер, саясаткерлер және халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беріледі.

    Дегенмен, біз осы мақсаттарға қол жеткізу үшін халықаралық деңгейде бірлескен күш-жігерді қажет ететінін де түсінеміз. Біз тәжірибе алмасу және бірлескен стратегияларды әзірлеу арқылы бейбіт және инклюзивті қоғамдарды ілгерілетуге бағытталған халықаралық бастамаларды қолдаймыз.

     

  5. Құрметті диалог қатысушылары!

ҚазақстанТранс-Алтай өңірімен саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мақсатында диалогты жалғастыру үшін күш-жігерін салуға дайын.

Бірлесіп біздің елдеріміз бен халықтарымыздың және өңірдің өркендеуі үшін алға қойылған ортақ мақсаттарымыз бен жобаларымызды жүзеге асыратынымызға сенімділік білдіремін.

 

Назарларыңыз үшін рахмет.

 

 

 

М. С. АШИМБАЕВУ

 

 

С 24 по 26 апреля 2024 года в составе делегации Казахстана приняла участие в международном форуме «Транс-Алтайский диалог по устойчивому развитию. Мир, правосудие и эффективные институты», который проходил в городе Улан-Баторе.

Организаторами форума являлись Великий Государственный Хурал (Парламент) Монголии, Стэнфордский университет (США) и фонд Пан Ги Муна «За светлое будущее» (Республика Корея).

Мероприятие направлено на ускорение реализации Цели 16 в области устойчивого развития путем активизации многопланового сотрудничества и партнерских отношений между представителями государств, научных кругов и гражданского общества.

В форуме принимали участие свыше 300 делегатов из 11 стран, в том числе председатель Великого Государственного Хурала Гомбожавын Занданшатар, восьмой Генеральный секретарь ООН Пан Ги Мун, председатель Жогорку Кенеша Кыргызской Республики Нурланбек Шакиев, который находился с официальным визитом в Монголии, заместитель спикера Национального собрания Венгрии Лежак Шандор, глава фонда Пан Ги Муна «За светлое будущее» и директор Центра Азиатско-Тихоокеанских исследований Стэндфордского университета профессор Ги-Вук Шин.

Приветствуя делегатов, Пан Ги Мун отметил, что, учитывая обстановку в мире, сегодня существует необходимость более активного сотрудничества между странами, чем когда-либо прежде.

В свою очередь, выступая перед участниками форума, рассказала о работе Парламентской комиссии Казахстана по мониторингу реализации целей и задач устойчивого развития, о политических и экономических реформах, которые проводятся в нашей стране.

В своих выступлениях ученые из Монголии, США, Японии, Турции, Азербайджана, Южной Кореи, Узбекистана, Кыргызстана, Венгрии и Германии представили результаты своих исследований, основными темами которых были история, культура и язык алтайского народа.

 

 Кроме того, 25 апреля состоялась встреча со спикером Великого Государственного Хурала Гомбожавын Занданшатаром.

В ходе переговоров обсудили актуальные и перспективные направления двустороннего сотрудничества. Спикером было отмечено, что все еще остается значительный потенциал для дальнейшего расширения сотрудничества. Также, был выражен интерес в дальнейшем межпарламентском сотрудничестве.

В свете предстоящего государственного визита Президента РК К.К.Токаева в Монголию, отметили установившиеся теплые контакты между главами двух государств.

Сообщается в порядке информации.

 

А. РАХМЕТОВА

Поделиться