Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Шекара шебінде тұрған Бидайық ауылы тұрғындарымен кездестік.

03.07.2025 285

Өңірге сапар барысында шалғай ауылдарға баруға тырысамыз. Бүгін облыс орталығынан 540, аудан орталығынан 80 шақырым жатқан Бидайық, Ақтүйесай ауылдарында болдық. 

Шекара шебінде тұрған Бидайық ауылында тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдадық.  

Ауылдық округте адам тұрып жатыр. Орталықтан шалғай жатқан ауыл тұрғындары көп жылдан бері жол азабық көріп отыр. Үлкен трассадан ауылға дейінгі   67 шақырым жол толық бұзылған. Жөндеу жұмыстары жүргізіледі дегелі талай жыл. Жағдайды толық анықтау үшін ауылға барар жолда  “Казавтожол” АҚ облыстық филиалының басшылығымен, мердігерлермен кездестік. Қажетті қаржы “Қазақстанның даму банкінен” бөлінген. Мердігер компания өкілдері жұмысты биыл аяқтауды жоспарлап отыр. 

Ауылдықтар дауыл соқса да, жауын жауса да жарықсыз қалатындарын айтып шағымданды. Резервті желінің жоқтығынан  жөндеу жұмыстары кезінде электр энергиясы болмайды. Жиналғандар осы мәселені шешуді назарда ұстауды тапсырды. 

Кездесуден кейін жаңадан салынған ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесімен таныстық. Ақтүйесай  ауылындағы жаңа фельдшерлік - акушерлік пунктте болдық
Поделиться