Бүгін Булаев қаласы мен Советское ауылының тұрғындарымен кездесу болды.
Бүгін әріптестерімізбен М. Жұмабаев ауданында болдық.
Бірнеше нысан басындағы жұмыспен танысып, Булаев қаласы мен Советское ауылының тұрғындарымен кездестік.
Аудан орталығы Булаевтың қала деген аты болмаса, проблемалары ауылдан көп. Орталық жылыту жүйесу жоқ, балабақша тапшылығы бар, біз соққан мектептегі жөгдеу жұмыстарына қосымша қаржы керек. Ұстаздарында ауылдық коэффицент жоқ. Тұрғындар осындай мәселелерді шешуде көмек сұрап отыр.
Советское селосының тұрғындары да көшелерге жөндеу, хоккей кортына шатыр, бұрыннан бос тұрған ғимаратты іске жарату, жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктерін жаңарту қажеттігін жеткізді.
Аудандарға шыққанда жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар басындағы жұмыспен де танысып жүреміз. СК Агро 2050 серіктестігі биыл 800 бас қара малға арналған сүт- тауар фермасының құрылысын жүргізіп жатыр. Бұл ферманың жалпы қуаттылығы 3600 бас малға арналған. Биылдың өзінде 20 жұмыс орны болады. Шаруашылық ауылды қолдауға да біраз қаржы бөліп отыр