Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Приняла участие в первом форуме Аналитической ассоциации Taldau Community — “Taldau Forum”, проведенном в Астане.

09.10.2025 271

Бүгін  Астанада “Taldau Forum” — Taldau Community аналитикалық қауымдастығының алғашқы форумы өткізіліп  жатыр.

Форумды ұйымдастырушылардың басты мақсаты бес жыл белсенді  жұмыс істеген аналитикалық зерттеулер мен сараптамалық қызметтердің қорытындысын айқындау.

            Сондай-ақ,  жаңа буын сарапшыларын қалыптастыру және олар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған.

Бұл форумды Әділетті Қазақстан идеяларын, білімге ұмтылу, жауапкершілік және ой ашықтығы құндылықтарын бөлісіп, ілгерілетуге дайын адамдарды біріктіріп, идеялармен алмасуға жағдай жасайтын платформа деп түсінуге болады.

1-ші дәрісте «Әлеуметтік желілердегі жұмыс. Кейстерді талдау: «Сенімді тудыратын және оны бұзатын не?» атты тақырыптарға Динара Саду, Бақыт Топтаева,  Яков Федоров, Өркен Кенжебек өз білімдерімен бөлісті

Бұдан басқа, «Адами капиталды дамыту және цифрлық трансформация: Жолдау-2025 бағдарлары» атты  сарапшылық дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

            Бағдарламаға сәйкес біз әріптестерімізбен «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы М.С. Әшімбаев және Массачусетс технологиялық институтының экономика профессоры, Дарон Аджемоглумен өткізген Why Nations Prosper: Lessons for Central Asia» атты диолог форматтағы Пленарлық отырысқа қатыстық.

Поделиться