3 февраля 2022 года депутат Сената Н. К. Бекназаров направил депутатский запрос в адрес Премьер-Министра Республики Казахстан Мамина А. У. по вопросам социальной защиты сотрудников органов внутренних дел.
3 февраля 2022 года депутат Сената Н. К. Бекназаров направил депутатский запрос в адрес Премьер-Министра Республики Казахстан Мамина А. У. по вопросам социальной защиты сотрудников органов внутренних дел.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә.А. СМАЙЫЛОВҚА
Құрметті Әлихан Асханұлы!
Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінің депутаттары алдында сөйлеген сөзінде заңдылықты нығайту және азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, соның ішінде полиция қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын жақсарту бойынша бірқатар маңызды міндеттерді атап өтті.
Полиция қызметкерінің имиджін көтерудегі, оған деген азаматтардың құрметі мен сенімін арттыру өзекті болып қалуда, ал қаңтардағы қайғылы оқиғалар билік өкілдерінің осы санатының осалдығын көрсетті.
Бүгінгі таңда ішкі істер органдарының қатарында аттестациялаудан өткен 72 мыңға жуық қызметкер қызмет етуде.
Белгілі болғандай, қаңтар оқиғасында 3000-ға жуық полиция қызметкері зардап шекті, 6 полиция қызметкері қаза тапты, 100-ден астамы әр түрлі деңгейдегі дене жарақатын алды.
Жауапкершілігі мен қызмет ету қаупі жоғары болғандықтан, полиция қызметкерлерінің жоғарғы кәсіби дайындығын қамтамасыз ету өте маңызды және бұл бағытта нақты шаралар қабылдау қажеттігін көрсетті.
Оған қоса жалақылары да, әлеуметтік кепілдіктері де көңіл көншітерлік емес. Қызмет атқарудың тең емес жағдайларында кадрлардың ішкі істер органдарынан басқа күш құрылымдарына немесе азаматтық ұйымдарға кетуі байқалады. Қазіргі уақытта кадрлардың жеткіліксіздігі шамамен
10% құрайды.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында құқық қорғау жүйесін дамытудың маңызды бағыттарының бірі – қызметкерлер мен олардың отбасыларын тиісті әлеуметтік қорғау, оның ішінде үш жылда бір рет инфляцияға немесе өзге де макроэкономикалық көрсеткіштерге байланысты қызметкерлердің жалақысын индексациялау түрінде қорғау болып белгіленген.
Сонымен қатар, бүгінгі күні Ішкі істер органдарындағы ең төменгі жалақы өзге құқық қорғау органдарына қарағанда 2 есе төмен.
Сондықтан ішкі істер органдарының қызметкерлерін материалдық ынталандыру мақсатында қызметкерлерді қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді теңестіру, бағаның және инфляцияның өсуін ескере отырып, жалақысын арттыру, сондай-ақ лауазымдық айлық ақыларының қажетті ең төменгі шегін Нормативтік бекіту мәселесін қарау орынды болып табылады.
«ҚР Ішкі істер органдары туралы» Заңмен қызмет өткеру кезеңінде мұқтаж қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету айқындалса да, Ішкі істер органдарының ведомстволық тұрғын үй қоры жоқ және қызметкерлерге тұрғын үйді жалдау үшін өтемақы төлеумен шектеледі.
Алайда, бұл төлемдерді барлық қызметкер ала алмайды, өйткені тұрғын үй төлемдерін алу үшін қызметкерлердің жекелеген санаттарының тізбесін Үкімет айқындайды.
Нәтижесінде ішкі істер органдары қызметкерлерінің 28%-ға жуығы баспанаға мұқтаж.
Бұл ретте Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның, Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері лауазымына қарамастан тұрғын үй төлемдерін толық алуға құқылы.
Ішкі істер органдарының барлық салалық бөлімдерінің қызметкерлері қоғамға қауіп-қатер төндірген дағдарыстық жағдайларды оқшаулау кезінде бірге тең, тәуекел етіп қызмет атқаратынын ескерсек, олардың жекелеген санаттарын тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етудегі мұндай таңдау тәсілі кадрлардың тұрақтамауына, жауапкершілік пен ынтаның төмендеуіне және ұжымдағы ішкі ахуалға да әсер ететіні сөзсіз.
Сондай-ақ, 2009 жылдан бері құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 3739 теңге көлемінде коммуналдық шығындарды өтеу қарастырылған.
Алайда, бүгінгі таңда коммуналдық қызметтер орташа есеппен 20 мың теңгені құрайды, ал өтемақы мөлшері жылдар бойына қайта қаралмаған.
Осыған байланысты ішкі істер органдарының барлық санаттағы қызметкерлеріне лауазымына қарамастан тұрғын үйді жалдағаны үшін өтемақы төлеуді қамтамасыз ету және коммуналдық шығындарды өтеуді қайта есептеу мәселесін қарау ұсынылады.
Бұған дейін де депутаттар қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан немесе жарақат алған жағдайда құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ олардың отбасыларын әлеуметтік қамсыздандыруды құқықтық реттеу қажеттігін айтқан болатын.
Асыраушысынан айырылған отбасылар мен зардап шеккен, мүгедектік алғандарға зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажетті еңбек өтілі жоқ қызметкерлер үшін зейнетақы кепілдіктерінің жоқтығын атап өткен жөн.
Осыған байланысты қызметтік міндеттерін атқару кезінде қызметін жалғастыруға кедергі келтіретін жарақат алған қызметкерлердің, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасы мүшелерінің зейнетақы алу құқығын қамтамасыз ету мәселесін қарастыру қажет.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқықтарын қорғауда адал қызметті талап ету үшін қызметкердің тұрмыс жайлылығы және мемлекеттің оның отбасына деген қамқорлығы маңызды рөл атқарады.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, депутаттық сауалды қарап, тиісті, оның ішінде заңнамалық реттеуді талап ететін шараларды қабылдауыңызды сұраймын.
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының
27-бабына сәйкес депутаттық сауалды қарау нәтижесі туралы заңмен белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруіңізді өтінемін.
Құрметпен, Н. БЕКНАЗАРОВ