Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Сенат Парламента
Республики Казахстан

Новости

Депутат Лукпанов С. Е. выступил в поддержку по проекту Закона РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам электроэнергетики, энергосбережения и повышения энергоэффективности, недропользования, местного государственного управления и государственной границы»

09.06.2022 0

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне электр энергетикасы,

энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру,

жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік

басқару және мемлекеттік шекара мәселелері

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

 бойынша депутат C.Е. Лұқпановтың

бірінші оқылым қолдауға арналған баяндамасы

 

 

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті әріптестер!

Әріптесім осы қаралып отырған заң жобасының негізгі аспектілерін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Заң жобасы энергияны үнемдеу тиімділігін арттыру жаңа құқықтық механизмдерін қабылдау арқылы жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын төмендетуге бағытталған.

Заң жобасы шеңберінде мемлекеттік энергетикалық тізілімге енгізілетін субъектілерін реттеу және ақпараттың тізбесін кеңейту көзделеді.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға үш жылға арналған энергия үнемдеу жөніндегі жол карталарын қабылдау және іске асыру құзыреті беріледі.

Бұдан басқа, энергия аудиттеріне жіктеу енгізіледі.

Осылайша, артық жүктемені азайту, энергияны тиімді қолдану және балама экспресс-энергия аудиті енгізу қарастырылады.

Құрметті әріптестер!

Жоғарыда аталған заң жобасының тұжырымдамасын қолдаймын. Әріптестерімді бірінші оқылымда қолдауға шақырамын.

Назарларыңызға рахмет!

Поделиться