Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Сената Бекболат Орынбеков ознакомился с ходом начатых работ и посетил объекты строительства Т.Рыскуловского района Жамбылской области

16.07.2021 0

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков
Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданының құрылыс нысандарын аралап, қолға алынған жұмыстардың барысымен танысты

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.С.Орынбеков Т.Рысқұлов ауданына жұмыс сапары барысында Ақниет, Құлан, Абай ауылдық округтерінде болып, бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралады.

Бекболат Серікбекұлы, Ақниет ауылдық округіне қарасты
Қонаев-Әбілқайыр ауылдарын газдандыру жұмысымен танысу барысында ауыл тұрғындарымен тілдесіп, талап-тілектерін тыңдады. Мердігер компания өкілдерімен кездескен Сенат депутаты, көгілдір отынды үйді-үйге жеткізу кезінде ауыл тұрғындарына қолайлы жағдай жасалуын, басталған жұмыс дер кезінде аяқталып, қысқы жылыту маусымы басталған кезде тұрғындар көгілдір отынның игілігін көру қажеттігін атап өтті.

Жұмыс сапарының келесі кезегінде Құлан ауылына ат басын бұрған Б.Орынбеков, «Арай» тұрғын үй алқабының  құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігерлермен кездесті. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмыстарымен таныстырған аудан әкімінің орынбасары Жандос Ордабаев аталған тұрғын үй алқабындағы алғашқы үйдің құрлысы сәтті, жоспар бойынша іске асырылып жатқанын, әрі екінші көпқабатты
80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары басталғанын атап өтті.  Құрылыс жұмыстарын көріп қайтқан Бекболат Серікбекұлы тындырымды тірлікке оң бағасын берді. Мердігер компанияға жөндеу жұмыстарының сапалы болуын және жылу жүйесімен қамтамасыз ету туралы тапсырылды.

Осыдан кейін, Бекболат Серікбекұлы Құлан ауылы Панфилов көшесіндегі көпқабатты үйлердің жылыту қазандығының жұмыс барысына зер салып, «Құлан-ЭнергоЖылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлерімен сұхбаттасты. 

Ауыл-аймақты аралаған сенатор 25 шілде күні өтетін ауыл әкімдерін сайлау бойынша Абай ауылдық округіндегі сайлау учаскесінде болып, сайлауға дайындық барысын да көріп қайтты. Сондай-ақ, Қазақстан Респбуликасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасынмен әзірленіп, Сенат қабырғасында қабылданған ауыл әкімдерін сайлау бойынша жаңа заң жобаларын түсіндіріп, ауыл әкімдеріне артылған үлкен жауапкершілікті де сөз етті.

 

 

Депутат Сената Бекболат Орынбеков

ознакомился с ходом начатых работ и посетил объекты строительства Т.Рыскуловского района Жамбылской области

 

В ходе рабочей поездки в район Т.Рыскулова депутат Сената Парламента Республики Казахстан Орынбеков Б.С. посетил сельские округа Акниет, Кулан и Абай, где посетил ряд инфраструктурных и социальных объектов.

В ходе ознакомления с работой по газификации сел Кунаев-Абылкаир относящейся к Акниетскому сельскому округу, Бекболат Серикбекович встретился с жителями села и выслушал их пожелания. Также, на встрече с представителями подрядной компании, депутат Сената отметил, что при доставке голубого топлива домой жителям села необходимо создать комфортные условия, чтобы начатые работы были своевременно завершены, а с наступлением зимнего отопительного сезона жители могли наслаждаться голубым топливом.

В селе Кулан Орынбеков Б.С. ознакомился с ходом строительства жилого массива «Арай», где встретился с подрядной организацией. На встрече, заместитель акима района Жандос Ордабаев, ознакомивший с работой, проделанной в рамках программы «Нұрлы жер», отметил успешную реализацию строительство первого дома в данном жилом массиве. После осмотра строительных работ, Бекболат Серикбекович дал положительную оценку данной работе и поручил подрядной организации обеспечить качественное выполнение строительных работ и продумать систему отопления.

Затем, Бекболат Серикбекович осмотрел ход работы отопительной котельной многоэтажных домов по улице Панфилова в селе Кулан и побеседовал с работниками коммунального государственного предприятия «Кулан-ЭнергоЖылу».

Посетив сельскую местность, сенатор посетил избирательный участок в Абайском сельском округе по выборам сельских акимов, который пройдет 25 июля. Также, сенатор разъяснил принятые законопроекты, разработанными по поручению Президента Республики Казахстан К.К. Токаева и принятыми в стенах Сената по выборам сельских акимов. Также отметил большую ответственность, возложенную на сельских акимов.

Поделиться