Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Сената Парламента РК Алдашев С.Т. выступил с докладом на заседании Сената Парламента РК по законопроекту «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о реализации проекта «Строительство и эксплуатация завода по выпуску минеральных удобрений».

30.12.2021 160

 

Құрметті Мәулен Сағатханұлы, құрметті әріптестер!

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің өнеркәсіптік әлеуетін толық пайдаланудың аса маңызды екенін атап өтіп, батыс өңірлерін мұнай-химия кешендерін салып, жоғары деңгейдегі қайта өңдеу ісінің жаңа өндірістік циклдарын құру үшін инвестиция тартатын орталық ретінде қалыптастыру міндетін қойған болатын. Химия саласы Қазақстан экономикасының стратегиялық маңызды және басым секторларының бірі болып табылады. Бүгінгі күні жалпы ішкі өнімнің құрылымындағы химия саласының үлесі шамамен 0,5 пайызды құрайды. Қазақстан өнеркәсібінің жоғары технологиялық салаларының бірі бола отырып сала экономиканың түрлі секторларын, оның ішінде тау-кен металлургия кешенін, машина жасауды, ауыл шаруашылығын, құрылысты, мұнай өнеркәсібін, тамақ саласын, фармацевтиканы және тағы басқаларын қамтиды. Мемлекет басшысының еліміздегі химия саласын дамыту бағытында шаралар қабылдау, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау міндетін орындау мақсатында Жамбыл облысында қуаты жылына бір миллион тонна минералдық тыңайтқыштар мен ілеспе индустриялық өнімдер шығаратын зауыт салу көзделеді. Жобаның құрылыс кезеңінде 2 мыңға жуық жұмыс орнын құру көзделген. Ал оны іске асыру аясында жоғарыда баяндамашылар атап өткендей 1200 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан үлес қосатын болады. Жобаның іске асуы Қазақстанның химия саласының өсу әлеуетіне және отандық экономиканы дамытуға септігін тигізетіні сөзсіз. Жоғарыда аталған заң жобасын толығымен қолдаймын, сондай-ақ әріптестерімді қолдауға шақырамын.

Назарларыңызға рақмет.

Поделиться