Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

11 мая 2023 года депутат С. Медебаев выступил с докладом на заседании Сената.

12.05.2023 0

 

Қаралып отырған, «ТМД - ға қатысушы мемлекеттердің ақпараттық - телекоммуникациялық желілерде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң уақытылы және маңызды. 

Аталған келісімнің мақсаты цифрлық ортада авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық нормативтік - құқықтық базаны дамыту, осы салада құқық бұзушылықтардың алдын алу және жетілдіру болып табылады.

Сондай - ақ, ақпараттық - телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде интернетте авторлық құқық объектілеріне және сабақтас құқықтарға құқықтардың бұзылуына жол бермеу жөнінде тетіктерді жүзеге асырумен қатар, құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған. 

Атап айтқанда, цифрлық ортада зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау саласында туындайтын мәселелерді шешудің бірыңғай тәсілдерін белгілеуге, барлық тараптарға бірдей үйлесімді жұмыс жүргізуге толық мүмкіндік береді.

Өздеріңізге белгілі, бүгінде интернет мемлекет пен қоғамның дамуына ерекше әсер ететін, заманауи жаңа технологияларды игеру үшін қажетті құрал ретінде қолданылады.   

Алайда, елімізде осы салада заңсыз жұмыс жасап келген интернет - ресурстары анықталған. Мәселен, 2020 жылы лицензиясыз бағдарламалық қамтамасыз ету мен басқа да объектілерді тарататын 24 шетелдік интернет-ресурс, ал 2021 жылы  40 интернет-ресурс анықталып, бұғаттау үшін ақпараттық жүйеге енгізілген. Бұл жағдайға салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, осы уақыт аралығында шамамен екі есеге артқандығы байқалады.

Осы орайда, алдағы уақытта арнайы рұқсаты жоқ интернет - ресурстарына тосқауыл болу үшін тиісті мемлекеттік органдар жұмыла әрекет ету қажет деп есептеймін.

Аталған келісім, осы салада қажетті ақпараттармен және ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен алмасуға жол ашады.

Сондай - ақ, авторлық құқықтық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету, ТМД қатысушы мемлекеттер арасындағы сауда - экономикалық және мәдени қарым - қатынастардың ауқымын кеңейтуді көздейді.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына сәйкес келісім ратификациялауға жатады. Осы келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік - экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды, сондай - ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, осы Заңды қолдаймын және сіздерді де қолдауға шақырамын!  

Поделиться