Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«О ратификации Соглашения между правительствами государств – членов Организации тюркских государств о создании упрощенного таможенного коридора»

09.09.2024 168
  2022 жылғы 11 қарашада қол қойылған                    «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша сөз сөйлеу

 

Құрметті әріптестер!

 

Құрметті Сұлтанбек Алмасбекұлы!

 

Сіздердің қарауларыңызға «2022 жылғы 11 қарашада қол қойылған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы енгізіліп отыр.

Келісім - мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының кедендік рәсімдерін оңайлатуға, электрондық жүйені енгізу арқылы бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыруға және мерзімдерін қысқартуға бағытталған.

Осы шаралардың негізінде Кедендік бақылау рәсімдерін оңтайландыру және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау көзделіп отыр.

Келімімге сәйкес - Сыртқы экономикалық қатысушылардың өз тауарларын шекарадағы өткізу пункттеріне жедел өткізіп, сол жерде кедендік рәсімдеуді тез арада жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Яғни, Сыртқы экономикалық қатысушылары үшін басты басымдық кедендік бақылау мерзімдерін қысқарту болмақ.

Ағымдағы жылдың 8 айында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен саудадан түскен кедендік төлемдер мен салықтардың жалпы сомасы 128 млрд.теңгені құрады.

Заңның мақұлдануы болжам бойынша тауар айналымының өсуіне және өз кезегінде кедендік төлемдер мен салықтар арқылы бюджет кірістерінің артуын қамтамасыз етеді - деп күтілуде.

Келісімнің ережелеріне сәйкес - Тараптардың кеден органдары - аталған құжатты іске асыру үшін алдын ала мәліметтер алмасуды іске асыруға жауапты және тікелей байланыстарды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген құзыретті лауазымды адамдардың тізімін айқындайды.

Сондай-ақ, ақпарат алмасудың Техникалық шарттарын әзірлейді және пилоттық жобаны іске асыруға кіріседі.

Қазіргі таңда, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің барлығы Келісімді ратификациялап болды.

Заң бойынша Сенаттың тұрақты комитеттерінен ұсыныстар мен ескертпелер келіп түскен жоқ.

Аталған Келісімді ратификациялау еліміз үшін теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды және республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейді.

Назарларыңызға рақмет!

 

 

 

*****

Құрметті әріптестер,  «2022 жылғы 11 қарашада қол қойылған Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Сенаттың қарауына шығаруды ұсынамын.

Поделиться