Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Вопрос Депутата С.Б.Утешова на пленарном заседании по проекту Закона «О ратификации Соглашения о сотрудничестве государств – участников СНГ по охране и защите прав на объекты авторского права и смежных прав в информационно-телекоммуникационных сетях»

11.05.2023 160

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті депутаттар!

 

Менің сұрағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне!

 

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасындағы авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды сақтау және қорғау бойынша ынтымақтастығы туралы келісім ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде, оның ішінде Интернетте авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына қарсы шараларды іске асыруға бағытталған.

3-бапқа сәйкес осы келісімнің нормаларын іске асыруды қамтамасыз ету үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттер өз елдерінде зияткерлік меншік саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты бөлігінде заңнаманы жетілдіру көзделген.

 Осыған байланысты менің сұрақтарым келесідей:

 Осы саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіруде келісім нормаларын іске асыру қажет бола ма?

Ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау мен реттеудегі қиындықтарды ескере отырып, осы салада авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуына қарсы тұрудың өзге тәсілдері мен тетіктері қажет пе?

 

 

 

Поделиться