О ратификации Протокола о внесении изменений в договор о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года в части оказания финансового содействия государствам-членам Евразийского экономического союза при реализации совместных кооперационных проектов в отраслях промышленности"
«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды іске асырған кезде қаржылай жәрдем көрсету бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Еуразиялық экономикалық одақ бюджетінің қаражаты есебінен өнеркәсіп салаларында бірлескен кооперациялық жобаларды қаржыландырудың құқықтық негізін қалыптастыруға бағытталған.
Хаттамаға 2023 жылғы 25 мамырда Мәскеу қаласында қол қойылды.
Қаржыландыру көзі Одаққа-ка мүше мемлекеттердің бюджеттеріне арнайы, демпингке қарсы және өтемақы баждарынан түсетін түсімдердің жалпы сомасының 10% - ы болып табылады. Бір жобаға субсидияның ең жоғары көлемі жылына 1,8 млрд. теңгені құрайды, тиісінше 5 жылда бұл 9,4 млрд. теңге.
Қаражатты Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттердің ұлттық қаржы ұйымдарына және Еуразиялық Даму Банкіне мүше мемлекеттердің ұлттық банктері белгілеген базалық мөлшерлеменің 100% мөлшерінде субсидия нысанында береді. Бұл ретте кредиттің коммерциялық мөлшерлемесі базалық мөлшерлемеге 6,5% - дан аспауға тиіс.
Қаржылық жәрдемдесу тетігі мүше мемлекеттердің қарсылықтары болмаған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен бес жыл мерзімге пилоттық болып табылады.