Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Доклад депутата Алибека Наутиева на заседании Сената к Законам РК «О государственных закупках» , «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам закупок и предотвращения избыточной законодательной регламентации» и «О внесении изменений и дополнений в Кодекс Республики Казахстан Об административных правонарушениях»

20.06.2024 269

Құрметті Мәулен Сағатханұлы, қадірменді әріптестер!

 

Сенаттың қарауына «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ұсынылып отыр.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сапасын арттыруға, шамадан тыс регламенттеуді болдырмауға, сатып алу рәсімдерін одан әрі автоматтандыруға және оңайлатуға, сатып алу бойынша бірыңғай платформа құруға бағытталған.

Заңда келесі новеллалар қарастырылған:

сатып алу рәсімдерін оңтайландыру және оларды қарау мерзімдерін қысқарту;

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер үшін мемлекеттік сатып алу уәкілетті орган бекітетін тәртіппен және көлемдерде тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша жүзеге асырылатын болады;

бір көзден алу тәсілімен офтейк-келісімшарттар жасасу мүмкіндігі;

мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміндегі заңды тұлғаларды басқаруға, мекемеге, жарғылық капиталына қатысуға байланысты еншілес компаниялардың және тұлғалардың сатып алуға қатысуын шектеу жөніндегі шараларды күшейту.

Сондай-ақ объектіні жобалау, салу және пайдалануға беруден бастап сол жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде бір жеткізушінің жауапкершілігін белгілей отырып, толық дайын түрінде берілетін құрылыс туралы шартын, яғни кешенді толық дайын түрінде берілетін құрылысты жасасу көзделеді.

Шағын сатып алуды жедел жүзеге асыру үшін бір көзден 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді 500 айлық есептік көрсеткішке дейін, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейін сатып алу мүмкіндігі көзделген.

Сонымен қатар Заңда міндеттемелерді тиісінше орындау мақсатында өнім беруші қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар (қызметтер) көлемін 50 пайыздан 30 пайызға дейін қысқарту көзделген. Бұл ретте қосалқы мердігерлерге орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің көлемін өзге қосалқы мердігердің беруіне тыйым салынады.

Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына шағымдану тетігі жетілдірілуде.

Осылайша шағымдарды қарауды тікелей сатып алуды ұйымдастырушының өзі жүзеге асырады, ал сот тәртібімен шағымданған жағдайда сатып алу рәсімдері тоқтатылмайды.

Ілеспе Заңда негізгі Заң – «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес келтіруге, сондай-ақ нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болдырмауға бағытталған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске және Қазақстан Республикасының 17 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Атап айтқанда, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте мемлекеттік сатып алу қорытындыларын қарау және шағымдану мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот қаулыларының заңды күшіне енуі және тағы басқалары көзделеді.

 Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өнім беруші онымен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамаған, не тиісінше орындамаған жағдайда өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талаппен сотқа жүгінбегені немесе уақытылы жүгінбегені үшін тапсырыс берушінің жауаптылығын көздейтін түзетулер енгізіледі.

Құрметті әріптестер!

Сенаттың тұрақты комитеттерінен заң тұжырымдамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Сенат Регламентінің 42-тармағы 2) тармақшасына сәйкес қаралып отырған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды және Сенат Регламентінің 58-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісі қолдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.

Назарларыңызға рақмет.

Поделиться