Доклад депутата Сената Алибека Наутиева по ЗРК "О ратификации Рамочного соглашения о всеобъемлющем экономическом сотрудничестве между Евразийским экономическим союзом и его государствами-членами, с одной стороны, и Республикой Сингапур, с другой стороны, и Соглашения о свободной торговле между Евразийским экономическим союзом и его государствами-членами, с одной стороны, и Республикой Сингапур, с другой стороны" на пленарном заседании Сената
Құрметті Мәулен Сағатханұлы!
Құрметті әріптестер!
Сіздердің назарларыңызға «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ұсынылады.
Келісімдерге 2019 жылы 1 қазанда Ереван қаласында қол қойылды.
Негіздемелік келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Сингапур арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін негіз құруға арналған.
Келісім негізінен Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерін қамтиды (Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей).
Заңда елдер арасындағы сауданы жеңілдету, инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау, интеграцияны тереңдету арқылы экономикалық өсуді ынталандыру мақсаты көзделген.
Келісім аясында демпингке қарсы және өтемақы шаралары, екіжақты қорғау шараларын қолдану белгіленеді, шекара маңындағы сауданы жеңілдету үшін барынша қолайлы тәртібі жасалады.
Бұл ретте Келісімде әр тарапқа екінші тараптың тауарларына ұлттық тәртібі, сондай-ақ кез келген алып тастау, алып қою және міндеттемелерден босату мүмкіндіктері беріледі.
Бұдан басқа, Келісімде тараптардың консулдық операцияларды және соған байланысты алымдар мен төлемдерді қолданбайтыны белгіленеді.
Жалпы, Еркін сауда туралы келісімді іске асыру кедендік әкімшілендіру, зияткерлік меншік, бәсекелестік, электрондық сауда және мемлекеттік сатып алу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Сонымен қатар, Келісімде ішкі нарықты қорғау шараларын, лицензиялау рәсімдерін, тыйым салулар мен сандық шектеулерді қолдану жөніндегі халықаралық стандарттардың сақталуына, өнімді жеткізгені үшін аударымдар мен төлемдерді жүзеге асыруға қатысты құқықтық қорғау көзделеді.
Аймақтық хаб ретінде Сингапур арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия нарығына шығу, өнеркәсіп өнімдері мен азық-түлікке қолжетімділікті арттыру, инфрақұрылым мен өнеркәсіпке азиялық инвестицияларды тарту мүмкіндігіне сай, ЕАЭО үшін артықшылықтар көзделген.
ЕАЭО-ға мүше елдердің ұлттық мүдделерін ескеру, сауда дауларын шешу тетіктерін құру, экологиялық және әлеуметтік стандарттарды енгізу ерекшеліктерімен қатар нәтежесінде ЕАЭС мүше елдер арасындағы тауар айналымының арту, инвестициялық ағындардың молайу, инновациялар мен технологиялық алмасуды ынталандыруға қол жеткізу міндеттері қойылған.Бұл жағдайларда еркін сауда туралы келісім біздің елдеріміз арасында тауарлар саудасының бажсыз режимін белгілеуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан-Сингапур ынтымақтастығы аясында қазіргі таңда 5 жоба қарастырылған. Оның ішінде 4 жоба жүзеге асырылып, 950-ден астам жұмыс орны ашылды. 1 жоба іске асыру сатысында.Өз кезегінде, Сингапур Келісім күшіне енгеннен бастап Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінетін барлық тауарларға импорттық кедендік баждарды жояды.
Сенаттың тұрақты комитеттерінен Заң бойынша ескертулер мен ұсыныстар болған жоқ. Заң жұмыс тобы мен комитет отырысында жан-жақты және толыққанды талқыланып қаралды.
Құрметті әріптестер!
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабы
4-тармағына сәйкес мақұлдауды ұсынады.
Қолдауларыңызды сұраймын.
Назарларыңызға рақмет.