Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Алибек Наутиев выступил с докладом на пленарном заседании Сената по ЗРК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оказания услуг связи, государственных закупок, транспорта и почты»

30.01.2025 318

Құрметті Мәулен Сағатханұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Назарларыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ұсынылады.

Қарастырылып отырған Заң пошта, мемлекеттік қызметтерді көрсету, сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы заңнаманы жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Заңмен Қазақстан Республикасының 2 кодексіне және 7 заңға түзетулер енгізіледі.

Пошта саласындағы заңнаманы жетілдіру шеңберінде келесілер көзделеді.

Жыл сайын пошта жәшіктері арқылы жіберілетін қарапайым хаттар көлемінің төмендеуіне байланысты пошта жәшіктері бойынша ережелер алынып тасталады. Бұл ретте Заңмен ғимараттар мен көппәтерлі тұрғын үйлерде поштоматтарды орналастыру мәселелері реттелген. Айта кету қажет, Заңда абоненттік жәшіктерге қатысты нормалар өзгеріссіз қалады.

Пошта операторларының қызметтері пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін ПИН-кодты теру немесе QR-кодты оқу арқылы адресаттың келісімін ала отырып, пошта жөнелтілімін үшінші тұлғаларға тапсыру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Ұлттық операторға, яғни «Қазпошта» акционерлік қоғамына денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тасымалдау және сақтау құқығы беріледі.

Заңда «құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмдерi» ұғымы енгізіледі және осындай жөнелтілімдерге байланысты пошта операторларының жауапкершілігінің басталуының шарттары нақтыланады.

Субсидиялау тетігін жетілдіру мақсатында әмбебап байланыс қызметтерінің тізбесінен тіркелмейтін бандерольді және пошта карталарын жіберу жөніндегі қызметтер алынып тасталады. Бұл қызметтер өзектілігінің жоғалуына байланысты субсидияланбайды.  Айта кетсек, соңғы бес жылда мемлекеттің әмбебап қызметтерді субсидиялау көлемі 3,4 млрд. теңгеден 654 млн. теңгеге дейін төмендеді.

Заңмен жергілікті атқарушы органдарға пошта байланысы бөлімшелерін сақтауға жәрдемдесу шараларын көрсету бойынша құзырет беріледі. Акционерлік қоғам пошта операторының бөлімшелерін жабу туралы шешім қабылдаған кезде әкімдіктерді болжамды жабылу күнінен кемінде үш ай бұрын хабардар етуге міндетті.

Қазпоштаның мәліметтеріне сәйкес, Елімізде 2834 пошта бөлімшесі жұмыс істейді. Оның ішінде ауылдық жерлерде 2054 пошта байланысы бөлімшесі бар, дегенмен олардың көпшілігі тиімсіз екені туралы ұмытпау қажет.

Аталған норма жергілікті атқарушы органға мүмкіндігінше пошта инфрақұрылымын сақтау жөніндегі шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру мақсатында Заң «құндылығы жарияланған пошта жөнелтiмдерi» ұғымымен толықтырылады.

Бұдан басқа, Заңда мемлекеттік органдардың сымсыз байланыс арналарын техникалық тәсілмен қорғау арқылы мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ халықты мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру және цифрландыру мақсатында «әлеуметтік әмиян» жобасын бекіту жөніндегі нормалар көзделеді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының редакциясы басқару орталығы елден тыс орналасқан байланыс желілерін құру және республика аумағында пайдалану үшін телекоммуникация құралдарын әкелуге, оны іске асыруға және жіберілуіне тыйым салу бөлігінде нақтыланады.

Сенаттың тұрақты комитеттерінде Заң тұжырымдамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар жоқ.

Құрметті әріптестер!

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Сенат Регламенті 42-тармағының 1) тармақшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс қызметтерін көрсету, мемлекеттік сатып алу, көлік және пошта мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.

Назарларыңызға Рақмет.

Поделиться