Доклад Сенатора А.И. Наутиева к Правительственному часу на тему «Строительство и эксплуатация автомобильных дорог в Республике Казахстан: текущее состояние, актуальные проблемы и пути их решения» в целях исполнения Послания Президента РК К.К.Токаева «Справедливый Казахстан: закон и порядок, экономический рост, общественный оптимизм»
Құрметті Ольга Валентиновна!
Құрметті әріптестер!
Өңiрлердiң экономикалық дамуы, оның ішінде елдің тұтас алғанда көлiк инфрақұрылымының дамуы, бiрiншi кезекте автомобиль жолдарының жай-күйiне тiкелей байланысты.
Еліміздегі халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы шамамен 25 мың шақырым болса, ал жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 70 мың шақырымды құрайды.
Көлiк министрлiгiнiң деректерi бойынша республикалық және жергiлiктi маңызы бар автомабиль жолдарының нормативтiк жай-күйiнiң көрсеткiштерi біркелкі жақсы деңгейде.
Бұл мәселелер жөнінде көлік министрі өз баяндамасында тиісті статистикалық мәліметтерге сәйкес, егжей-тегжейлі баяндайды деп ойлаймын.
Үкімет сағатына дайындық барысында біздің Комитет уәкілетті орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, сарапшылармен және бизнес өкілдерімен, оның ішінде Комитеттің өңірлерге шығу іс-сапарларын қоса алғанда 15 кездесу өткізді.
Бұл кездесулер саладағы яғни, автомабиль жолдарын салу, жөндеу және пайдалану кезіндегі жүйелі проблемалық мәселелерді анықтап, сол жағыдайларды бүгін Сіздердің назарларыңызға ұсынуға мүмкіндік берді.
Бірінші. Мемлекеттік жоспарлаудың тиімділігініңжеткіліксіздігі.
Бұл негізінен жергілікті маңызы бар жолдарға қатысты.
Көлік министрлігінің деректері бойынша жергілікті жолдардың 89%-ы қажетті нормативтік жағдайда. Алайда халықтың жол мәселелері бойынша айтылған шағымдарын ескерсек, бұл көрсеткішке үлкен күмән бар.
Барлық өңірлер үшін жолдарды жөндеудің бірыңғай тәсілдеріне қарамастан, облыстар бөлінісінде олардың жай-күйінде елеулі алшақтық байқалады. Мысалы, Жамбыл облысында жолдардың 99% -ы нормативтік жағдайда болса, Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 2 есеге төмен - тек 56% ғана.
Для определения реального текущего состояния и выработки оптимального механизма финансирования ремонтных работ необходимо провести диагностику и паспортизацию всех участков местных дорог. По итогам такой диагностики определяются наиболее проблемные участки, в зависимости от характера выявленных дефектов назначаются виды ремонтов, а также прогнозирование срока службы.
Должна быть Единая база состояния автомобильных дорог всех уровней в разрезе регионов, с реальными достоверными данными.
Біздің Комитет 2023 жылы өңірлерді дамыту бойынша Парламенттік тыңдаудың қорытындысы бойынша Үкіметке осы паспорттауды жүргізуді ұсынған болатын.
Алайда, бүгінгі таңда диагностика толық көлемде тек республикалық маңызы бар автожолдарда ғана жүргізіліп, жергілікті маңызы бар жолдар бойынша мәселе әлі күнге дейін өзекті күйінде қалуда.
Бұндай жұмыстар толық көлемде атқарылса, ол автомабиль жолдарының ағымдағы жағдайын анықтау және жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың оңтайлы тетігін әзірлеу үшін маңызды болар еді.
При этом данный механизм должен исходить только
от требуемых потребностей регионов и не должен зависеть от «пробивной силы» акимов, каких-то личных предпочтений и прочих субъективных факторов.
Второе – это низкое качество автомобильных дорог, что особенно актуально для дорог областного и районного значения.
Одной из основных причин этого является недостаточный контроль за техническим надзором на объектах строительства и ремонта автомобильных дорог.
Так, Национальным центром качества дорожных активов за последние 5 лет выявлено более 500 фактов отсутствия служб технадзора на объектах производства работ.
В 2023–2024 годах выявлено более 130 фактов, где один технадзор одновременно был закреплен более чем на пяти реализуемых объектах и в разных регионах страны.
Как следствие на таких объектах выявляются случаи использования некачественных дорожно-строительных материалов и несоблюдения технологий, что негативно влияет на качество дорог.
Более того, в действующем законодательстве не предусмотрены меры воздействия на службы технадзора за такие факты.
В этой связи считаем необходимым законодательно закрепить меры ответственности служб технадзора за вышеуказанные нарушения.
Следует отметить, что на сегодня функции касательно регулирования технического надзора в сфере автомобильных дорог находятся в ведении Комитета по делам строительства и ЖКХ при Министерстве промышленности и строительства. Для повышения качества строительства, реконструкции и ремонта автомобильных дорог предлагается передать эти функции в Комитет по автомобильным дорогам Министерства транспорта.
Это касается утверждения правил аккредитации юридических лиц, осуществляющих технадзор в сфере автомобильных дорог, проведение аккредитации, а также ведения реестра аккредитованных организаций и т.д.
Кроме того, есть вопросы по дефициту квалифицированных кадров, в том числе в части экспертизы. Так, в большинстве случаев эксперты технического надзора не имеет профильного дорожного образования, и один и тот же технадзор работает как на дорожных объектах, так и на объектах гражданского строительства.
Данная ситуация характерна в целом для автодорожной отрасли. У работодателей отсутствует заинтересованность в повышении квалификации кадров.
Үшінші.
Ең басты мәселе жолдарды салу мен қайта-қайта жөндеуде ғана емес, сонымен қатар оны дұрыс пайдалану мен күтіп ұстауда. Сондықтан бізге басты назарды салынған жолдардың бұзылуына жол бермеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға аударған жөн.
Қаржыландырудың негізгі көлемі, яғни 80%-дан астамы жолдарды салуға, жөндеуге және қайта жаңартуға бағытталады. Ал жолдарды күтіп-ұстауға нормативтік қажеттіліктің төрттен бір бөлігі көлемінде ғана қаражат бөлініп, ол қаржы ұдайы жеткіліксіз болып келеді.
Қаражаттың бұндай бөлінісі жылдар бойы сақталып, ол автомобиль жолдарының қызмет көрсету уақытының қысқаруы мен уақытынан бұрын бұзылуына алып келуде.
Сондай-ақ жолдардың тез бұзылуына ықпал ететін факторлардың бірі, жалпы пайдаланымдағы жолдарда рұқсат етілген норма сақталмай, ауыр салмақты көлік құралдарының жүріп өтуі болып табылады. Шын мәнінде әңгіме салмағы 40 тоннадан асатын карьерлік жүк самосвалдар туралы болып отыр. Бұл ретте нормативтерге сәйкес жол төсеміне көлік құралының салмағы бір білікке орта есеппен 8 тоннадан аспауы тиіс болса да, ол тәртіп сақталмауда. Аталған мәселені жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрде көтеріп келеді.
Аталған проблеманың оңды шешiмiнің бір жолы автоматтандырылған өлшеу станцияларын (АӨС) енгiзу болуы тиiс.
Жоғары аудиторлық палатаның ақпараты бойынша АӨС (АСИ) жұмысы жүйедегі қате деректер мен техникалық іркілістерге байланысты кезең-кезеңмен жұмыс жасамай қалуда. Бұл ретте олардың құны шамамен 2 млрд. теңгені құраса, оны ұстауға 617 млн. теңгеден астам қаражат бөлінуде.
Так, за период 2020-2023 годы АСИ зафиксировано более 175 тыс. нарушений за превышение весовых параметров автотранспортных средств. При этом, почти 96% нарушений зафиксированы некорректно (некорректный проезд транспортных средств, некорректное распознавание номерного знака и т.д.).
Также есть определенные вопросы в области финансирования установки АСИ за счет местных бюджетов и дальнейшего их содержания, что не позволяет в полной мере удовлетворить потребности регионов в АСИ.
Кезінде, 2022 жылы осы заңнамалық норманы қабылдау кезінде Сенат депутаттарымен АӨС-н жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруда қиындық болатыны туралы алаңдаушылық білдірілген болатын. Алада ол ескерілмеді.
Осы мәселеге байланысты АӨС-н қажетті көлемде орнату мәселесін шешу қажеттілігі мен осы жүйенің дұрыс жұмысын жолға қою қажет деп санаймыз. Сондай-ақ, өңірлердің жалпы пайдаланымдағы жолдарда рұқсат етілген салмақты бұза отырып, ауыр салмақты көлік құралдарының жүруіне заңнамалық тұрғыдан тыйым салу жөніндегі ұсынысын қолдаймыз.
Бүгін Үкімет сағаты аясында сарапшылар да осы мәселе бойынша өз пікірлерін білдіреді деп ойлаймын.
Төртінші.
Келесі проблема - жол-құрылыс материалдарының жетіспеушілігі мен сапасы, бұл өз кезегінде автомобиль жолдарының сапасына қатты әсер етеде.
Бірінші кезекте бұл битуммен қамтамасыз етуге қатысты.
Битум нарығы сұраныстың маусымдық ауытқуымен сипатталады: қысқы кезеңде тұтыну төмендейді; жазғы кезеңде сұраныс күрт өсіп, айына 150 мың тоннаға жетеді. Ал жұмыс істеп тұрған битум зауыттарының жиынтық қуаты айына шамамен 100 мың тоннаны аспайды.
Осының салдарынан жаз айларында битум тапшылығы туындап, сол кезеңде сұраныстың көбиюіне байланысты бағаның да өсуі байқалады. Бұл мәселені өңірлер үнемі көтеріп келеді.
Пути решения это - закуп битума в зимнее время, когда спрос низкий и цена на продукцию существенно ниже. Также есть необходимость строительство битумных хранилищ для «сглаживания» сезонных колебаний спроса.
Считаем, что Министерству транспорта совместно с Министерством энергетики необходимо определить оптимальное решение данной проблемы
Сонымен қатар жол-құрылыс материалдарының сапасына қатысты мынаны атап өткім келеді.
Асфальт-бетон зауыттарына инспекция жүргізген «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» ақпараты бойынша, тексерілген 211 зауыттың тек 82-сі ғана сапалы өнім шығаруға дайын болып отыр. (бұл зауыттардың тек 40% ғана сапалы өнім шығарады).
Осыған байланысты нормативтерге сәйкес келмейтiн жол-құрылыс материялдарын пайдалануға жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдау қажет.
Пятое.
Еще один проблемный аспект касается государственных нормативов в сфере автомобильных дорог.
В настоящее время разработкой государственных нормативов в сфере автомобильных дорог занимается АО «КазНИИСА» (Казахский государственный научно-исследовательский и проектный институт строительства и архитектуры). Они утверждается Комитетом по делам строительство и ЖКХ Министерства промышленности и строительства.
Однако необходимо отметить, что настоящее время в институте нет достаточных научных работников именно в сфере автомобильных дорог, а в основном только работники по промышленно-гражданскому строительству.
Опять возвращаемся к вопросу дефицита кадров.
Также отсутствуют испытательные полигоны и лабораторное оборудование для апробации дорожно-строительных материалов и дорожных технологий. При этом пересмотр или внесение изменений в нормативные документы проходят долгую процедуру (на 1,5-2 года), что негативно влияет на применение и внедрения новых материалов и технологий в дорожном строительстве.
В этой связи предлагается утверждение государственных нормативов в области строительства, реконструкции и капитального ремонта автомобильных дорог передать Комитету автомобильных дорог.
Алтыншы.
Келесі мәселе - жоғарыда аталған Сапа орталығының теріс қорытындысы бола тұра объектілерді пайдалануға қабылдау.
2024 жылы Сапа орталығының теріс қортындысы бола тұра, ЖАО-мен 479 нысан пайдалануға қабылданған.
Уәкілетті мемлекеттік орган қысқа мерзім ішінде, Ұлттық сапа орталығының қорытындысында көрсетілген барлық анықталған ақаулар мен заң бұзушылықтар жойылғаннан кейін ғана объектіні қабылдау және пайдалануға беруді заңды тұрғыдан қамтамасыз ету үшін, заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қажет деп есептейміз.
Біздің Комитет бұл мәселеде барынша көмек көрсетуге дайын.
Құрметті қатысушылар!
Бүгін біз болашақта саланың нақты жұмыс жасауына және баса назар аударуға қажет мәселелерді баяндағымыз келді.
Үкімет алдағы уақытта экономиканы дамыту негіздерінің бірі ретінде автомобиль жолдары саласын дамыту шараларын шұғыл қабылдауы қажет. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Сенаттың ұсыныстары Үкімет сағатының ұсынымына енгізілетін болады.
Назарларыңызға рахмет.