Выступил с докладом на заседании Комитета по рассмотрению проекта Закона «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о создании и функционировании филиалов организаций высшего и послевузовского образования Республики Казахстан в Российской Федерации и филиалов образовательных организаций высшего образования Российской Федерации в Республике Казахстан»
депутат Ернұр Нұрмұханұлы Әйткеновтің баяндамасы
Құрметті Әли Әбдікәрімұлы!
Құрметті әріптестер және шақырылғандар!
Бүгін Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылып отыр.
Келісім, Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуіне бағытталған.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді 2022 жылғы 24 ақпанда Нұр-Сұлтанда жасалды.
Келісімді іске асыру шеңберінде ресейлік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын ашу кезінде қазақстандық лицензия алу, филиалдарда оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдардың орналасқан елінің тарихы мен қазақ тілін міндетті түрде оқытыла отырып, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін. Мемлекеттік бақылау және аккредиттеу рәсімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады. Сонымен қатар, қазақстандық және ресейлік үлгілердегі білім туралы құжаттарды беру мәселелері қарастырылған.
Жалпы, заң жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайды және республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді.
Құрметті әріптестер, жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, заң жобасын Бас комитетке ескертусіз жіберуді ұсынамын.
Назарларыңызға Рахмет!