Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

���������������������� ������������

Ләззат Сүлеймен мен Динар Нөкетаева Халықаралық әйелдер форумына қатысты

24.06.2022 311

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ләззат Сүлеймен мен Динар Нөкетаева «Орталық Азия мемлекеттеріндегі парламентші әйелдердің терроризмге қарсы іс-қимыл және зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын іске асырудағы рөлі» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі форумға қатысты.

Форум Орталық Азиядағы парламентші әйелдердің терроризмге қарсы күрес және зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу жөніндегі іс-қимылдарға кеңінен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Форумға қатысушылар терроризм, зорлық-зомбылық экстремизмінің гендерлік аспектілерін, сондай-ақ Орталық Азиядағы зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу мәселелері бойынша парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуды талқылады.

Шараға әйел парламентшілер, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан парламенттік ассамблеялары мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу