Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты жанында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу қағидалары туралы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу

 ҚАҒИДАЛАРЫ

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34967 болып тіркелген) бекітілген Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидалары негізінде «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 28-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының (бұдан әрі – Сенат) жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі – аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің автоматтандырылған процесі;

2) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығаруға және таратуға тиісті өкілеттіктері бар жеке тұлға;

3) бірыңғай медиа платформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;

4) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспа басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым (бұдан әрі – БАҚ, бұқаралық ақпарат құралдары);

5) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралының материалдарын жинауды, әзірлеуді, шығаруды және таратуды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;

6) журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеу – журналисті тағайындау рәсімі және оның өкілеттігін мемлекеттік органның және (немесе) ұйымның тануы;

7) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу және әзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;

8) іс-шара регламенті – аккредиттеуші ұйым жүргізетін іс-шараның жүргізілу тәртібін айқындайтын құжат.

3. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеуді Сенаттың қызметін, аккредиттелген БАҚ өкілдерінің қызметін ұйымдастыру туралы жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету мақсатында Сенат Аппаратының атынан Сенаттың Баспасөз қызметі жүзеге асырады.

4. Сенат немесе оның тапсырмасымен Сенат Аппараты жүргізілетін іс-шаралардың Регламентін бекітеді.

 

2-тарау. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тәртібі

 

1-параграф.  Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу

5. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу Сенат жанында аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) тұрақты тұратын жеріне қарамастан жүргізіледі.

6. БАҚ өкілдері Парламенттің ағымдағы сессиясының жұмыс кезеңіне аккредиттеледі. Аккредиттеу ағымдағы сессия ашылғанға дейін басталады және ағымдағы сессия жабылған күні аяқталады. Аккредиттеу Парламенттің бүкіл ағымдағы сессиясы ішінде жүзеге асырылады.

7. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру қазақ және орыс тілдерінде Сенаттың интернет-ресурсында орналастырылады, сондай-ақ Сенаттың Баспасөз қызметі бұрын Сенатта тұрақты аккредиттелген БАҚ редакцияларының электрондық мекенжайлары бойынша таратады.

8. Өз журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) Сенат жанында аккредиттегісі келетін бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу туралы бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы қойылған өтінішті аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімімен қоса ұсынады.

9. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі – ол келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні.

10. БАҚ өкілдерін аккредиттеу туралы шешімді ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес Сенат Аппаратының атынан Сенаттың Баспасөз қызметі қабылдайды. Сенаттың Баспасөз қызметі өтінішті қарау қорытындылары бойынша қабылданған шешім туралы:

1) аккредиттеу туралы;

2) аккредиттеуден бас тарту туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

11. Тұрақты аккредиттеуден бас тартуға:

1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

2) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;

3) есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының тізілімінде болмауы негіз болып табылады.

Тұрақты аккредиттеуден бас тартуға журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

12. Журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) тұрақты аккредиттеуден айыру үшін:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) тұрақты аккредиттеуден айыру туралы өтініші;

2) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) таратқан Сенаттың, сондай-ақ Сенат депутаттарының және Сенат Аппараты қызметкерлерінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді шындыққа сай келмейді деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

3) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

4) осы Қағидалардың 21-тармағында белгіленген шарттарды екі және одан да көп рет бұзу негіз болып табылады.

13. Сенат Аппаратының атынан Сенаттың Баспасөз қызметі осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген себептерді көрсете отырып, журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеуден айырғаны туралы бұқаралық ақпарат құралын екі жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

14. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеуден айыру алты ай мерзімге жүзеге асырылады.

15. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі жағдайында бірыңғай медиаплатформа арқылы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аккредиттеу карталары беріледі.

 

2-параграф. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу

 

16. Уақытша аккредиттеу журналистерге нақты іс-шараны жариялау үшін қажетті мерзімге беріледі және тиісті іс-шара өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

17. Уақытша аккредиттеуді алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу туралы бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) меншік иесінің қолы қойылған өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімімен қоса ұсынады.

18. Сенат Аппаратының атынан Сенаттың Баспасөз қызметі уақытша аккредиттеу туралы өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:

1) аккредиттеу туралы;

2) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.

19. Уақытша аккредиттеуден бас тартуға:

1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

2) осы Қағидалардың 17-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;

3) есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының тізілімінде болмауы негіз болып табылады.

Уақытша аккредиттеуден бас тартуға журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

3-параграф. Аккредиттелген БАҚ өкілдерінің құқықтары
мен міндеттері

20. Аккредиттелген БАҚ өкілдерінің:

1) Сенатта іс-шаралар өткізілетін уақытта Сенат ғимаратында орналасқан, осы мақсат үшін бөлінген үй-жайларда, сондай-ақ Сенаттың іс-шаралары өткізілетін өзге де орындарда Сенаттың Баспасөз қызметінің шақыруы бойынша жұмыс істеуге;

2) редакциямен байланысу және оған жедел хабарламалар беру үшін белгіленген тәртіппен ұялы телефон байланысының меншікті аппараттарын, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар құралдарын, меншікті диктофондарды, фотоаппараттарды және дербес портативті компьютерлерді, сондай-ақ арнайы бөлінген үй-жайда (Баспасөз орталығында) орнатылған бейнемагнитофондарды пайдалануға;

3) Сенаттың тұрақты комитеттерінің, комиссиялардың және депутаттық топтардың шақыруы бойынша іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ Сенат депутаттарымен, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен Сенат ғимаратында олармен келісу бойынша кездесуге;

4) Сенаттың жекелеген іс-шаралары туралы ақпарат алу үшін Сенаттың Баспасөз қызметі ұйымдастыратын брифингтерге, баспасөз конференцияларына және кездесулерге қатысуға;

5) Сенаттың Баспасөз қызметінің жәрдемдесуімен БАҚ редакциясы басшылығының жазбаша (жедел жағдайларда – ауызша) өтінімі бойынша бейне- және фотоматериалдарды пайдалануға құқығы бар.

21. Аккредиттелген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) мынадай шарттарды сақтайды:

1) Сенаттан алынған ақпаратты жинау және атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана тарату;

2) Сенаттың журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) қатысуымен өтетін іс-шаралар регламентін (осы Қағидаларға 4-қосымша) сақтау;

3) Сенаттың өткізу және объектішілік режимін сақтау.

22. Аккредиттеуге өтініш беру журналистердің (БАҚ өкілдерінің) мынадай талаптарды орындауға келісімін растайды:

1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде осы Қағидаларды, журналистердің кәсіби әдеп нормаларын, сондай-ақ Сенатта белгіленген еңбек тәртібі қағидаларын сақтау;

2) Сенат ғимаратына кіру кезінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсету;

3) Сенат ғимаратына барған кезде іскерлік киім стилін ұстану.


 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан

 

__________________________

кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы)

__________________

кімнен (бұқаралық ақпарат құралдарының атауы)

 

 

Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) тұрақты аккредиттеу туралы

ӨТІНІШ

 

Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)______________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы) аккредиттеуді сұраймын.

Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_____________________________;

2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін):_____________________    ;

3) телефондардың, факстардың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының электрондық мекенжайы:_________________________________  .

Қоса беріліп отырған құжаттар:

1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі.

 

Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) ___________________________________________________жұмыскері (бұқаралық ақпарат құралының атауы) екенін растаймын.

 

 

 

 

 

            ____________________

(бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)

20__жылғы «___» _________

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына

2-қосымша

 

 

Нысан

______________________________________

кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы)

________________________________________

кімнен (бұқаралық ақпарат құралының атауы)

 

 

Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы

ӨТІНІШ

 

            Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) ___________________________________________________________________ектрондық тұрақты аккредиттеуден

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) айыруыңызды сұраймын.

           

Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________;

2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін):_______________________________________________;

3) телефондардың, факстың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының электрондық мекенжайы:____________________________________________.

 

_____________________

(бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)

20__жылғы «___» ________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына

3-қосымша

 

Нысан

 

_______________________________

кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы)

__________________

кімнен (бұқаралық ақпарат құралдарының атауы)

 

 

Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) уақытша аккредиттеу туралы

ӨТІНІШ

 

Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)______________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы) уақытша аккредиттеуді сұраймын.

Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:

1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:___________________________;

2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін):_______________________________________________;

3) телефондардың, факстардың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының электрондық мекенжайы:__________________________________.

Қоса беріліп отырған құжаттар:

1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі.

Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) ______________________________________________________

(бұқаралық ақпарат құралының атауы) жұмыскері екенін растаймын.

 

 

 

 

________________________

(бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолы)

20__жылғы «___» _________

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеу қағидаларына
4-қосымша

 

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) қатысуымен
өтетін іс-шаралар

РЕГЛАМЕНТІ

 

  1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) қатысуымен өтетін іс-шаралар регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 20 тамыздағы № 367-НҚ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34967 тіркелген) бекітілген Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) аккредиттеудің үлгілік қағидаларының 12-тармағына сәйкес әзірленді. Регламент журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері) (бұдан әрі – БАҚ) қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының (бұдан әрі – Сенат) іс-шараларын жүргізу тәртібін айқындайды және Сенаттағы іс-шаралардың барлық қатысушылары мен журналистер (БАҚ өкілдері) үшін брифингтерге, сұхбаттасуға және журналистердің (БАҚ өкілдерінің) қатысуымен өтетін басқа да іс-шараларға қатысу кезінде іскерлік жұмыс жағдайын жасауға бағытталған.
  1. 2.        Сенат іс-шараларының барлық қатысушылары мен БАҚ өкілдері өзара қарым-қатынаста өзара құрмет көрсетуге, бір-бірінің ар-намысы мен қадір-қасиетін, пікір білдіру бостандығына құқығын құрметтеуге тиіс.
  1. 3.        Журналистердің (БАҚ өкілдерінің) қатысуымен өтетін брифингтер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру кезінде:

    - журналистер (БАҚ өкілдері) Сенаттың іс-шараларының белгіленген регламентін сақтауға міндетті;

    - түсініктеме алу үшін жүгінген кезде журналист (БАҚ өкілі) өзін таныстырып, өзін аккредиттеген БАҚ-ты атауға тиіс;

    - Сенаттың Баспасөз қызметінің уәкілетті қызметкері қатысып отырған журналистердің (БАҚ өкілдерінің) санын ескере отырып және журналистер (БАҚ өкілдері) үшін өз сұрақтарын қоюға тең мүмкіндіктер жасау мақсатында бір БАҚ қызметкерінен қойылатын сұрақтардың санын айқындайды;

    - БАҚ қызметкерлері сұрақтарды кезекпен және/немесе Сенаттың Баспасөз қызметінің уәкілетті қызметкері айқындайтын тәртіппен қояды;

    - өз сұрақтарын айтқан кезде БАҚ қызметкерлері сұхбат берушіге  қойылған сұраққа толық жауап беруге мүмкіндік беру үшін сұхбат берушінің және бір-бірінің сөзін бөлмеуге тиіс.