Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Сената Парламента Республики Казахстан, содоклад члена комитета по финансам и бюджету Орынбекова Б. С. по проекту закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве по осуществлению пусков с космодрома «Байконур» ракет-носителей типа «Союз-2» для запусков космических аппаратов в северном направлении на приполярные орбиты»

26.05.2021 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Б.С. Орынбековтің «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы»

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндамасы

(Комитет отырысына, 26.05.2021 ж.)

 

 

Құрметті Ольга Валенитновна!
Құрметті әріптестер!

 

Қаржы және бюджет комитетінің отырысына ұсынылып отырған келесі заң жобасы да, ғарыштық бағдарламалар мен коммерциялық жобаларды іске асыру кезіндегі негізгі құжат болып табылады.

Бұл келісім, әлемнің барлық елді мекендерін кең жолақты интернетпен жабдықтау мақсатындағы «OneWeb» жобасын жүзеге асыру үшін, «Байқоңыр» кешенінен ғарыш аппараттарын ұшыру кезінде Қостанай облысы, Жангелді ауданының немесе «120-А» аумағында «Союз-2» тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктерінің құлау ауданын, Ресей тарапымен пайдалануды көздейді.

Аталған келісім аясында жылына 3 рет ұшыру кезінде, 460 мың АҚШ доллары көлемінде аудандық бюджетке қаржы түсетін болады.

Сонымен қатар, «Союз-2» тасымалдағыш-зымыраны керосин-оттегі отынымен жұмыс жасайды. Яғни, бұл тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері төмен.

Алайда, басқа да апаттық жағдайлар орын алған жағдайда, екі ел арасындағы қосымша  келісімдер арқылы Ресей тарапы келтірілген залалдарды толық өтеп беруге міндеттелген.

Заң жобасы бойынша әзірлеуші және мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, көтерілген мәселелер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды.

Осыған байланысты, осы заң жобасын қолдаймын және бас комитетке ескертулер мен ұсыныстарсыз қорытындыны жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рахмет!

Поделиться