Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Сенаторлар Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауды байқауға қатысады

02.10.2020 0

Қазақстан Парламенті Сенатының бірқатар депутаттары Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші депутаттарының 2020 жылдың 4 қазанына белгіленген сайлауын байқауға қатысады.

Мұрат Бақтиярұлы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы миссиясының байқаушыларының құрамына енді. ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясының атынан сайлауды байқауға сенатор Бақытжан Жұмағұлов қатысады. Динар Нөкетаева сайлау үдерісін байқау үшін ТүркПА миссиясының құрамында жұмыс істейтін болады.

Сенаторлар сайлауды байқауға сол сайлау күні қатысады, сондай-ақ Қырғызстанның Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссияның төрағасымен, партиялардың сайлауалды штабының өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Бөлісу