Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

19.01.2021 0

Заң жобасында келесі өзгерістер қарастырылған:

1. Дипломатиялық қызмет ардагерлерінің әлеуметтік қорғалуын арттыру.

Дипломатиялық қызмет ардагерлерін әлеуметтік қорғауды арттыру мақсатында Заңда «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің ардагері» деген тиісті ұғымды бекіту ұсынылады».

Бұл санатқа зейнеткерлік жасқа толған және кемінде 25 жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның ішінде дипломатиялық қызмет органдарында 15 жыл жұмыс істеген адамдар жатқызылатын болады.

Бұл ретте Төтенше және Өкілетті Елші немесе халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты (өкілетті) өкіл қызметін атқарған не Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар ардагерлерге ай сайын Үкімет айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ақшалай төлем төленетін болады.

2. Дипломатиялық почтаны ресімдеу, жөнелту және жеткізу тәртібін айқындау.

Заң жобасында 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының нормаларына сүйене отырып, дипломатиялық почта мен дипломатиялық курьердің жалпы ережелерін, құқықтық мәртебесін айқындайтын толықтырулар енгізу ұсынылады.

Атап айтқанда, дипломатиялық почтаны ашуға, ұстауға жол бермеу туралы, дипломатиялық курьерлер дипломатиялық почтаны жеткізу жөніндегі өз міндеттерін орындаған кезде оларды қорғау туралы ережелер көзделген.

Бұдан басқа, заң жобасында Үкімет айқындаған мемлекеттік органдардың, сондай-ақ дипломатиялық қызмет персоналының тиісті лауазымдарды тағайындау және қызметтен босату кезінде (жеке пайдалануға арналған заттарды жөнелту үшін) дипломатиялық почтаны пайдалану мүмкіндігі туралы нормалар бар.Вместе с тем, законопроектом предусмотрено определение функций МИД и загранучреждений в вопросах оформления, отправки и доставки дипломатической почты.

Дипломатиялық почтаны жоспарлаудың, толықтырудың, ресімдеудің, жөнелтуді және қабылдауды қамтамасыз етудің егжей-тегжейлі тәртібі заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт деңгейінде айқындалатын болады (ҚР Үкіметінің қаулысы).

3. Кадр мәселелері, сондай-ақ қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мәселелері.

Бұл бөлікте дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұру үшін шет елдегі мекемеде жұмыс істеген кезеңде шығатын және осы сүйемелдеуге байланысты белгілі бір құқықтары бар адамдар тобын нақтылау мақсатында заң жобасында «дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері» ұғымын енгізу ұсынылады (көлік шығыстарын төлеу, медициналық қамтамасыз ету құқығы, отбасының әрбір мүшесіне тұрғын алаң нормативтеріне сәйкес бірге тұру).

Сондай-ақ, дипломатиялық қызмет персоналын әлеуметтік қорғауды арттыру мақсатында халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген және бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған адамдар үшін осы ұйымдардағы жұмыс аяқталғаннан кейін конкурстық рәсімдерден өтпей дипломатиялық қызмет органдарына тағайындау мүмкіндігін заңнамалық түрде бекіту ұсынылады.

Сонымен қатар, штаттық бірліктердің физикалық жетіспеушілігіне байланысты заң жобасында СІМ-де әкімшілік-техникалық қызметкерлерге арналған шетелдік мекемелердегі жұмыс арасындағы жұмыс кезеңін екі жылдан бір жылға дейін қысқарту ұсынылады.

4. Материалдық-шаруашылық қамтамасыз ету және ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мәселелері.

«Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңының 24-бабына сәйкес дипломатиялық қызмет органдарына сервистік қызмет көрсетуді Үкімет айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады (мұндай ұйым ретінде «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК анықталды).

Бұл ретте «сервистік қызмет көрсету» ұғымын түсіндірудің болмауы нақты функционалдық бағыттарды айқындауға мүмкіндік бермейді, бұл өз кезегінде практикада «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК-ның қызмет түрлерін айқындау кезінде қиындықтар туғызады.

Сондай-ақ, заң жобасында Үкіметке шетелдік дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйымды айқындау бойынша өкілеттіктер беру ұсынылады.

Бұл ұйым бірқатар заңнамалық актілерде айтылған, алайда оны заңнамада анықтау тәртібі жоқ.

Сонымен қатар, Үкіметтің құзыретіне сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және халықаралық құқық мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуді жүзеге асыратын заңды тұлғаны айқындау мәселесін де жатқызу ұсынылады.

5. Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін реттеу.

Жоғарыда баяндалған өзгерістерден басқа, жобада мынадай актілерді әзірлеу мен бекітуге құзыреттерді заңнамалық деңгейде бекіту көзделеді:

1) ҚР дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ереже (бүгінгі күні ҚР Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығымен бекітілген);

2) Шетелдік мекемелердің бюджетті жоспарлау, бекіту, қаржыландыру және атқару қағидалары (СІМ бұйрығы);

3) Шетелдік мекемедегі жұмыс уақытында дипломатиялық қызмет персоналының балаларын мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге ақы төлеу қағидалары (СІМ бұйрығы);

  1. (ҚР Үкіметінің қаулысы);

    5) Шет елдердегі мекемелердің ақпараттық қауіпсіздігін, инженерлік-техникалық, арнайы және нақты қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар (ҚР Үкіметінің қаулысы).

Бөлісу