Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар ЕҚҰЫ-ның Астанадағы Орталығының Басшысымен кездесті

17.04.2013 0
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Болат Жылқышиев және сенатор Мұрат Бақтиярұлы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының Басшысы Наталья Заруднаны қабылдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Болат Жылқышиев және сенатор Мұрат Бақтиярұлы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының Басшысы Наталья Заруднаны қабылдады.

ЕҚЫҰ өкілі сенаторларды ЕҚЫҰ-ның экономика-экологиялық 21 форумының аясында өтетін жоғары деңгейдегі «Тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту: энергетикалық іс-қимылдың қоршаған ортаға әсерін қысқарту» ұлттық конференциясына және «БҰҰ ЕЭК – табыстар мен сабақтар» атты Орхус конвенциясының қабылдануының 15 жылдығына қатысуға шақырды. Шара 25-26 маусымда Астанада өтеді.

Кездесу аясында сенатор Б.Жылқышиев қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ экономиканың энергиялық ауқымды және экологиялық таза салалары бойынша заңнамалық негізді жетілдіру жөніндегі Парламенттің қызметі туралы әңгімеледі.

Н.Зарудна «жасыл экономикаға» көшу барысындағы, сондай-ақ энергияның балама көздеріне арналған халықаралық «ЕХРО - 2017» көрмесін өткізу жөніндегі Қазақстанның қарқынды шараларын атап өтті.

 

Бөлісу