Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Целиноград ауданы

04.04.2018 0

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары               Р.К. Әкімовпен және Д.З. Әділбековпен кездесу

 

 

Ақмол а.

4 сәуір 2018 жыл

 

Қатысқандар: Целиноград ауданы әкімінің м.а., аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, дербес бөлімдердің және аумақтық басқармалардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарттық құралдардың өкілдері қатысты.

 

2018 жылдың 4 сәуірінде, өңірлерге жұмыс сапарымен шығу аясында, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Рашит Қайыржанұлы Әкімов және Дәурен Зекенұлы Әділбеков Ақмола облысы, Целиноград ауданының активімен кездесіп Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін түсіндірді. Кезедесуге 80 адам қатысты.

Олар тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері, білім беру сапасын арттыру, салықтық жүктемені азайту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы тоқталып айтты сондай-ақ олар жоғары білім беру гранттарын көбейту және студенттерге жатақхана беру туралы айтты.

Парламент депутаттары Мемлекет басшысының Жолдауының мәнін түсіндіріп қана қоймай, сондай-ақ Парламент Сенатының жұмысы туралы айтып берді.

Кездесуге қатысушылар, Елбасымыздың бастамаларын қолдай отырып, аудан тұрғындарын алаңдайтын сұрақтар қойды.

Атап айтқанда, талқылау барысында Елбасының еліміздің газдандыру жөніндегі бесінші бастамасы бойынша, Целиноград ауданына әсер ететін мәселелер қозғалды, аймақтағы жолдар мәселесін көтерді. Облыстық мәслихаттың депутаты Әшебеков Сағадат Қайыржанұлы Интернет желісінің сапасы төмен екендігін атап өтті, бұл Президент Жолдауын және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының орындалуына қиындық туғызатыны туралы айтты.

Барлық көтерілген мәселелер депутаттардың назарына алынды.

Бөлісу