Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіне арналған жиын-кездесу 2018 жылдың 30 наурызында Алматы академқалашығында өтті

30.03.2018 0

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіне арналған жиын-кездесу ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Т. Жұмағұловтың қатысуымен 2018 жылдың 30 наурызында Алматы академқалашығында өтті.

       Жиынға университет басшылығы, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Бостандық ауданы Саяси кеңесі бюросының мүшелері, Бостандық ауданы әкімдігі, академқалашық ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен қызметкерлері,  оқытушылар, магистранттар мен студенттер, қалалық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

       Жиын бағдарламасы бойынша ҚазИТУ ректоры Н. М. Темірбеков жиынды кіріспе сөзбен ашты. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Т. Жұмағұлов Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» - әлеуметтік маңызды стратегиялық құжат деп атап өтіп, жан-жақты мағлұмат берді.

         Б. Жұмағұлов: «Елбасы Н. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» күмән жоқ орындалып келеді. Бұл әлі үлкен істердің басы деп санаңыздар», деді. Бақытжан Тұрсынұлы Елбасының қашанда жастарға үлкен үміт артатын айта келіп,  инженер, технолог мамандардың еліміздің игілігіне үлкен үлес қосатындарына сенімін білдірді.  Кездесу  барысында қатысушылар тарапынан қойылған  сұрақтарға  жауап берді.

     

 

Бөлісу