Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Б.Т. Жұмағұловтың Ақмола облысына жұмыс сапары

17.01.2020 0

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының өңірлерге кезекті сапары аясында ҚР Парламенті Сенатының  депутаты Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов Ақмола облысына барды.

Сапар барысында Б.Т. Жұмағұлов бірқатар білім беру нысандарын, атап айтқанда, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін, Щуче қаласындағы Жоғарғы техникалық колледжді, Жоғарғы педагогикалық колледжді, № 2 орта мектепті, сондай-ақ Ақылбай ауылындағы шағын жинақты мектепті аралап, ондағы педагогтармен, оқушылармен, студенттермен кездесті.

Кездесу барысында жақында қабылданған «Педагог мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы кеңінен талқыланды.

Мұғалімдер жаңа заңда қарастырылған жалақыны көтеру, жүктемені төмендету, еңбек демалысының уақытын арттыру, қызметтік міндеттен тыс жұмыстарға тартуды тоқтату сында жаңа нормалардың қарастырылғанын және аталған бастамалар жаңа мемлекеттік бағдарламамен сабақтасқанын қуана атап өтті.

Өз кезегінде сенатор Б.Т. Жұмағұлов педагогтардың өз қызметіне адал болуы бірінші кезекте екенін ескерте отырып, жаңа заңда қарастырылған этикаға қатысты және басқа да құқытық, әлеуметтік кепілдіктерге қатысты нормалардың ерекшеліктерін түсіндірді.

Сонымен қатар сенат депутаты, Бурабай аудандық Жұмыспен қамту және Халыққа қызмет көрсету орталығы сынды әлеуметтік нысандарды аралып, орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% – нан аспайтын атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырып жатқан жеке азаматтармен сөйлесті және әлеуметтік қолдау алуға құжаттарды тапсыру, қабылдау рәсімдерін қарап шықты.

Сондай-ақ медицина саласында қабылданып жатқан жаңа нормативтік құқықтық актілер жөнінде және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жөнінде пікір алмасу және атқарылып жатқан жұмыстармен танысу үшін сенат депутаты Облыстық кардиологиялық орталықта болып, дәрігерлермен, медбикелермен кездесті.

Сапар барысында білім беру ұйымдарында және әлеуметтік ұйымдарда барлығы 8 кездесу өткізіліп, тұрғындармен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, халыққа қызмет көрсету саласының мамандарымен ашық талқылаулар ұйымдастырылды.

Бөлісу