Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

13.01.2020 0
Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шарт (бұдан эрі - Шарт) 2018 жылғы 20 маусымда Астанада жасалды. Уағдаласушы мемлекеттер осы Шарттың ережелеріне және өздерінің заңнамасына сәйкес бір Тараптың аумағында жүрген және екінші Тараптың құзыретті органдары іздестіріп жатқан адамдарды ұстап беруге әкелетін қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін бір-біріне ұстап беруге міндеттенеді. Шарттың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасынан Бас прокуратура орталық орган болып табылады.
Бөлісу