Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Өркениет өлшемі – білім мен ғылым

29.05.2020 0

Өркениет өлшемі – білім мен ғылым

Ел Президенті құрған – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мемлекетіміздің ішкі саясатын жаңа арнаға бұрды. Кеңесте айтылған идеялар халық сұранысымен үндестік тауып, коғам дамуының жаңа жолдарын көрсетті. Бүгінде Қазақстан халқы Ұлттық кеңестің әрбір отырысынан жаңа бір мәселелердің қозғалатынына және оны жүзеге асырудың жолдары қарастырылатынына сенім білдіруде. Бұл – мемлекет пен қоғамды жақындатудың және дамытудың саяси платформасы жасалды деген сөз.

Ұлттық кеңестің үшінші отырысы да, адамдардың көптен күт­кен мәселесіне арналды. Яғни адами капиталды дамыту және оның са­па­сын арттыру, білім беру, ғы­лым және денсаулық сақ­тау сала­лары мәселелері кең тал­қы­лаудан өтті. 

Білім беру – кез келген мем­лекет үшін экономикалық даму­дың қайнар көзі болып табылады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңе­сінің отырысынан кейін  осы са­ланың өзекті мәселелері  айқын көрінді ғой деп ойлаймын. Бү­гінгі күнге дейін, білім беру са­ласын халыққа қызмет көрсету дең­­гейінде қабылдадық. Тіп­ті оған бой үйретіп, әуестеніп ал­дық десем де артық емес шығар. Шын­дығына келгенде, білім беру – бо­лашақтың даму кепілі. Білім – адам капиталының негізі. Сон­дық­­тан да білім беру – ауқымы кең. Ол Қазақстан халқының мем­­ле­кет­ті нығайтуына, оның да­муы­на белсене араласуына жол ашады.

Қоғам қалай өзгерсе – адам­зат­тың өмір сүру ортасы да кеңе­йеді, өзгеріске ұшырайды. Әлемде білім беру саласы жаңа дең­гейге көтерілетіндігі болжануда. Бұл тек қана бір мемлекеттің дең­гейінде шешілетін үрдіс емес.

Жаңа заман – жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай, ға­лым­дарымыз бен мамандарымыз фор­сайт зерттеулер жүргізіп, отан­дық білім беру жүйе­сін ұлт­тық құндылықтар негізінде дамыт­қаны жөн. Осы саланың жаңа мо­де­лін жасау қажет.

Күні кеше өткен Ұлттық қо­ғам­дық сенім кеңесі отырысында Пре­зидент Қ.Тоқаев білім беру сала­сының негізі стратегиялық міндеттері жөнінде ерекше ой айт­ты. Кеңес мүшелерінің ұсыныс­тары ескерілді. Яғни адами капитал – даму стратегиясының өзекті критерийі болмақ.

Қазақстан азаматы мемлекет­ке, оның дамуына өз үлесін қоса алатындай маман болуы қажет. Ол үшін Қазақстан азаматтары экономиканы дамыту жұмысына белсене араласуы тиіс. Өйткені білімді, білікті адам ғана экономиканың дамуына үлес қоса алады.

Президент Қазақстанның бі­лім беру саласы дамыған елдерден артта қалып отырғанына назар аударды. Мұның себептері не­де? Менің ойымша, білім беруді рефор­малауда жүйелілік болмады және оны қаржыландыру төменгі деңгейде қалды. Мына деректерге назар аударалық. Қазақстанда әр оқушыға арналған жылдық бюджет дамыған елдерге қарағанда 10-14 есе аз екен.

Айтылған сыннан қорытынды шы­ғару, мемлекеттік атқару ор­ган­да­ры ғана емес, заң шыға­ру­шы биліктің – Қазақ­стан Рес­пуб­ликасы Парламенті депутат­та­ры­ның да қызметін жандандыруға  бағыт беруге тиіс деп есептей-
мін.

Мемлекет басшысы білім беру жүйесін, адами капитал қа­жет­тіліктерін заманауи талаптарға сай құруды талап етіп отыр, үлкен міндеттер қойылды. Болашақта 800-ден астам жаңа мектеп са­лын­бақ. Бұл үрдіс мемлекет- жеке­мен­шік әріптестігі негізінде жүзе­ге асырылатын болады.

Қазақстан халқына Жол­дау­ында Президент ауыл мен қала мектептерінің деңгейін көтеруді мемлекеттік саясаттың басым бағыттары ретінде қарастырған болатын.  Ұлттық кеңес отырысында осы мәселе тағы да  үндес­тік тапты. Қала мен ауыл мектеп­терінің арасындағы алшақтықты  жою­дың стратегиялық мәні бар. Орын алған олқылықтарды  бол­дыр­­мау үшін жүзден  астам жаңа мек­­теп-интернат салу, мұға­лі­м­дер­­дің еңбекақысын көтеру, педа­го­ги­калық ма­мандық студент­тері үшін шәкірт ақыны 42 000 теңгеге дейін көтеру көзделген.

Жоғары мектептің білім сапасын жол­ға қою – өзекті мәселе. «Дип­лом­дарды оңды-солды тара­туға» жол берілмей­тін болады. Әрине жоғары оқу орында­ры­ның бәсекеге қабілеттілігі арттырылады.

Ғылымы дамыған ел – іргелі мемлекет! Оны өркениетті елдер дең­гейінен көріп отырмыз. Қазақ­стан да осы бағытта дамитын болады. 2025 жылға қарай ғылымға бөлінетін қаржы ішкі  жалпы өнімнің (ІЖӨ) 1% құрамақ. Ең бас­тысы, бұл қаржылар әлеуметтік қажеттіліктер тұрғысынан қарас­тырылмайды. Ол – білім, ғылым саласының экономикаға әкелетін инвестициясы ретінде бөлінетін болады.

Қазақстан ғылымының әлем­дік деңгейге жетуі үшін барлық мүм­кіндіктер жасалынбақ. Республика ғалымдары әлемнің жоғары дең­гейлі зерттеу орталықтарында тағлымдамадан өтеді. Медицина, биология және жасанды интеллект саласының ғылыми мамандарын қалыптастыруға мүмкіндік ашылады.

Медициналық, биологиялық зерттеулер, агроөнеркәсіптік ғы­лым, «жасыл» технология, энер­гия тиімділігі сияқты бағыт­тағы ғылым өрістей түспек.

Мемлекет басшысы өз сөзінде іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми ұйымдарға қолдау көр­сету туралы тапсырмалар бер­ді. Бұл зерттеулер бір реттік грант­тық конкурстарға қарамастан үздіксіз жүзеге асырылуы тиіс.

Қоғамның қозғаушы күші – жастар. Оларды ғылымға тар­туға, докторантурада оқытуға ерек­ше мән берілді. Болашақта докторанттардың шәкіртақысы 150 мың теңгеге дейін өспек. Осын­дай мемлекеттік қамқорлық жас ға­лымдарды ынталандыруға, ғылым­ға көптеп келуіне мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Білім және ғылым министр­лігіне цифрлы экожүйені дамы­туға саларалық ғылымның дам­уын үйлестіру міндеті қойылды.

Президент сөзіне орай, білім мен ғылым, еңбек ресурстары, зият­керлік және біліктілік бәсе­кеге қабілетті болып  дамитыны кү­мән келтірмейді. Өйткені заман мен қоғам үнемі өзгерісте болады. Ғылым да заманның жаңа сұраныстарына шұғыл бейімделуі керек. Ол үшін әр ғалым ізденіп, білімін  жетілдіріп отыруы қажет.

Рухани жағынан кемелденген, ұлттық құндылықтарды бойы­на сіңірген жас ұрпақ, жаңа заман­ның жаңа адамдары ретінде мем­ле­кетті дамытуға өз үлестерін қоса алады.

Қазір – инфокоммуникация, технология заманы. Бұдан Қазақ­стан да шет қала алмайды. «Цифрлы Қазақстан» бағ­дарла­масы осы бағытта дамитын болады. Республика азаматтары, оқы­тушылары мен студенттері әлемдегі үздік білім беру ресурс­тары мен оқыту технологияларына қол жеткізе алады.

Адами капитал – мемлекеттің қозғау­шы күші. Міне, Президент қойған жоғары талаптар зият­кер­лік әлеуеті жоғары, экономиканы дамыта алатын ұлттық кадрларымызды қалыптастыруға жол ашады.

Мемлекет басшысы баяндамасында айтылған міндеттер мен ой-тұжырымдар адами капиталдың негізінде жүзеге асатын болады. Бұл замана сұранысы, уақыт талабы.

 https://egemen.kz/article/237110-orkeniet-olshemi-%E2%80%93-bilim-men-ghylym

Бөлісу