Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшілігінің және Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қажеттіліктеріне Астана қаласында және Әбу Даби қаласында жер учаскелерін өтеусіз пайдалануға өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы»

14.12.2020 0

Келісімге сәйкес, әмірліктер тарапы қазақстандық тарапқа Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу Даби қаласындағы дипломатиялық корпуста орналасқан, алаңы 11 148 шаршы метр № 46 W-59/2 жер учаскесін Қазақстан Республикасы Елшілігінің объектілерін салу үшін 49 жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану шартымен, осындай мерзімге кейіннен ұзарта отырып пайдалану үшін береді.

         Өз кезегінде қазақстандық тарап әмірліктер тарапына Астана қаласында, Тәуелсіздік және Р.Қошқарбаев даңғылдарының қиылысы ауданында орналасқан, алаңы 26 147 шаршы метр жер учаскесін Қазақстан Республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктері Елшілігінің ғимаратын және Біріккен Араб Әмірліктері Елшісінің резиденциясын салу үшін 49 жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану шартымен, осындай мерзімге кейіннен ұзарта отырып пайдалануға береді.

         Құжат бойынша жер учаскелерінде жерге орналастыру және топографиялық-геодезиялық жұмыстар, жоба сараптамасы және ғимараттар салу сияқты көрсетілетін қызметтердің нақты түрлеріне жұмсалатын барлық шығыстарды, сондай-ақ оны күтіп-ұстауға және жөндеуге, электрмен, газбен, сумен және жылумен жабдықтауға, көрсетілетін байланыс қызметтеріне және басқа да қызмет көрсетудің нақты түрлеріне жұмсалатын шығыстарды Тараптар болу мемлекетінде қолданылатын нормативтер мен тарифтерге сәйкес өздері төлейді.
Бөлісу