Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобалары

08.06.2021 0

Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңына (22 – б.1-т.) сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі (бұдан әрі-МФҚ) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкіметтік курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет болып табылады. МФҚ қызметкерлері Ішкі істер органдарының кадрларында тұрады, жауынгерлік қарумен, арнайы қорғау және байланыс құралдарымен, сондай-ақ нысанды киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.

МФҚ туралы Ережеге сәйкес (Үкімет қаулысымен бекітілген) Ішкі істер органдарының кадрларына МФҚ-ның басшы құрамының лауазымдарына тағайындалған адамдарды ІІО-ның орта құрамының бірінші арнаулы атағын бере отырып қабылдау, кезекті арнаулы атақтар беру және ІІО кадрларынан шығару МФҚ-ның ұсынуы бойынша ішкі істер министрінің және ІІО-ның аумақтық бөлімшелері басшыларының бұйрықтарымен жүзеге асырылады.

МФҚ-нің уәкілетті органы Премьер-Министрдің Кеңсесі болып табылады («Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелер» туралы Үкіметтің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысының 11-тармағының 31 тармақшасы).

МФҚ-ты уәкілетті орган лауазымға тағайындайтын және уәкілетті басшы болып табылатын бастық басқарады, ол бұдан әрі МФҚ қызметкерлерін қызметке тағайындайды, ауыстырады және қызметтен босатады.

Алайда, МФҚ қызметкерлері «Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген міндеттерді орындамайды және ІІО-ның бірыңғай жүйесіне. МФҚ ІІМ-нің лимиттеріне, штат саны мен құрылымына кірмейді, сол арқылы ішкі істер министріне есеп бермейді.

Сонымен қатар, МФҚ құқық қорғау органдарына жатпайды, өйткені олар қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ашу және тергеу бойынша міндеттерді орындамайды.

МФҚ қызметкерлеріне «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның нормалары мына бөлікте қолданылады:

- қызмет өткеру тәртібі (арнайы атақтар беру, демалыс беру, аттестаттаудан өту, тәртіптік жаза қолдану және т. б.);

- арнайы құралдарды, атыс қаруын және өзге де қаруды алып жүру, сақтау және қолдану;

- зейнетақымен қамсыздандыру;

- жеңілдікті салық салу.

Премьер-Министрдің Кеңсесі орталық мемлекеттік орган болып табылмайды, ал ПМК басшысы арнайы атақтар беруге, аттестатталған лауазымдарға тағайындауға және жұмыстан шығаруға қатысты нормативтік құқықтық актілер шығаруға уәкілетті емес.

Бұдан басқа, жеткізілетін құпия хат-хабарлар мемлекеттің бірінші тұлғаларынан, сондай-ақ жоғары мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарынан, үкіметтік мекемелерден және жоғары әскери қолбасшылықтан, сондай-ақ басқа да егемен мемлекеттердің ұқсас қызметтерінен келеді.

МФҚ қызметкерлеріне қару алып жүру құқығын беру, арнайы атақ беру арқылы нысанды киім-кешекпен қамтамасыз ету елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларымен және оған ықтимал зиян келтіру сипатымен шартталған.
Бөлісу