Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Бақытжан Жұмағұлов Халықаралық экологиялық IX Нева конгресіне қатысты

27.05.2021 0

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов Халықаралық экологиялық IX Нева конгресіне қатысты. Ол форумға қатысушылармен бірге экологиялық білім беру, жоғары оқу орындары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің экологиялық мамандарды кәсіби даярлау және қайта даярлау саласындағы заңнамалық реттеу және т. б. мәселелерді талқылады.

Пікірсайыс барысында қатысушылар экология және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі пікірлерін ртаға салып, тәжірибе алмасты. Атап айтқанда, Қазақстанның Экологиялық кодексі мысалға алынды, ал Армениядан келген қатысушылар өздерінің қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару стратегиясы туралы айтып берді.

Сондай-ақ ТМД елдерінің ұлттық экологиялық саясатында тұрақты даму мақсаттарын ескере отырып іске асыру тәсілдерін үйлестіру жөніндегі шаралар да талқыланды.

Бөлісу