Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар Қазақстандағы техникалық білім беруді дамытудың келешегін зерттеді

18.03.2022 0
Еліміздегі техникалық білім беру сапасын арттыру:энергетика, робототехника және аспап жасауды инновациялық дамыту – Президент тапсырмаларының бірі болып отыр. Сенаторлар сала сарапшыларымен кездесу барысында ол тапсырмалардың қалай жүзеге асатыны, сондай-ақ жоғары білімді мамандарды тәрбиелеу үшін одан әрі қандай қадамдар жасау қажеттігін талқылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева, Сұлтанбек Мәкежанов, Дана Нұржігіт және Нұртөре Жүсіп Алматыға сапары аясында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің студенттері мен оқытушыларымен кездесті.

Мемлекет басшысының таяудағы Жолдауында ұсынған реформалар кездесуге қатысушылар талқылаған басты тақырыптар болды.

Сенаторлар сондай-ақ университеттің ғылыми жобаларымен, материалдық-техникалық базасымен танысты.
Бөлісу