Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы ҚР Парламентінің Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы (бірінші оқылым) қарастыру барысында ҚР Парламенті Сенатының отырысында сөйлеген сөзі

20.12.2019 0

Заңнаманы талқылау барысында ҚР Парламенті Сенаты депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының» басқарма төрағасының орынбасары Әбденов Серік Сақбалдыұлына сұрақ қойды

РАХМЕТ!

 

ҚҰРМЕТТІ ТӨРАҒА!

 

Менің сұрағым «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамының» басқарма төрағасының орынбасарына арналады.

 

Құрметті Серік Сақбалдыұлы!

 

Бүгінгі таңда бізді жолаушылар тасымалдары саласына қатысты вагондардың санитарлық гигиеналық жағдайы және оларға бақылаудың төмендеуі, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласының ашық еместігі туралы бір қатар арыз шағымдар мен нар-аз-ыл-ық-тар-дың жиілеп бара жатқаны алаңдатады.

Министрліктің соңғы статистикалық деректеріне сүйенетін болсақ бүгінгі күні Елімізде жолаушылар тасымалына пайдаланатын 2,5 мыңға жуық вагон бар екен, олардың 46% пайызы ескірген және әбден тозығы жеткен.

Осыған орай сұрақ, Ұлттық компания тарапынан жолаушылар тасымалдайтын вагондардың санитарлық жағдайын талапқа сай келтіру,  сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласын цифрландыру бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

Рахмет! 

Бөлісу